Ақтөбе облысында мектепте сабақ кезінде қыздарының орамалын шешуге қарсы болған үш ер адам әкімшілік қамауға алынды.
Бұл туралы Ақтөбе қаласындағы мамандандырылған әкімшілік сотының баспасөз қызметі хабарлады.
Сот мектеп формасы ережесін сақтамау да қоғамдық тәртіпті бұзумен тең деп бағалады. Ереже бұзған екі ер адам – үш тәулікке, ал біреуі – бес тәулікке қамалады.
“2018 жылы 14 қыркүйекте Ақтөбеде мамандандырылған әкімшілік сотында ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабы 1-бөлігі бойынша үш ер адамға қатысты қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін сот ісі қаралды. Сот шешімімен ереже бұзушылар қамауға алу туралы әкімшілік жауапкершілікке тартылды: екі ер адам – үш тәулікке, ал біреуі – бес тәулікке қамалады”, – делінген облыстық сот баспасөз қызметіндегілер.