Нұр-Сұлтан
Қазір
17
Ертең
6
USD
446
-0.83
EUR
475
-0.80
RUB
4.78
-0.01

Ақтөбеде енесін пышақтап, әйелін жұмыс орнына іздеп барған ер адам оққа ұшты (видео)

124

Айта кетейік, ерлі-зайыптылар 7 наурыз күні ажырасқан екен. 24 жастағы ер адам бұрын ұрлық жасағаны үшін істі болған. Еш жерде жұмыс істемейді.

«Кеше сағат 15:00-де қылмыскер бұрынғы әйелін өлтіру үшін оның туыстарының үйіне барып, енесін пышақтаған. Қазір осы оқиғаға байланысты Қылмыстық кодекстің «Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру», «Қару қолданып адамды кепілге алу» баптары бойынша іс қозғалды. Облыстық Ішкі істер департаменті мен Ішкі істер басқармасы Ақтөбе қаласының прокурорларымен бірлесе 5 сағат бойы келіссөз жүргізді. Кепілге алынған адамның өміріне шын мәнінде қауіп төнді. Қылмыскер келісімге келуден үзілді-кесілді бас тартып, оқиға орнына жеткен туған-туыстарымен тілдеспеді»,- деді облыстық ІІД баспасөз қызметі. Қылмыскер әйелін әкелуді талап етіп, оны өлтіруді бұрыннан жоспарлап жүргенін жар салған.

Ақыры тұтқындағы адамды құтқару үшін құқық қорғаушылары түн ортасында арнайы операция жүргізіп, әр минут сайын адам өміріне қауіп төндірген қылмыскердің көзін жойды.

Арнайы операция кезінде кепілге алынған стоматология әкімшісі дәрігерлер мен психологтардың көмегіне жүгінді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз