Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
9
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Ақтөбеде “діндар” ата-аналар мектеп мұғалімдерінің проблемасына айналды

Оның айтуынша, “діндар” ата-аналар мектеп мұғалімдерінің талаптарына пысқырып та қарамайды екен.

“Бізге заңды көрсетіңдер, егер Конституцияда жазылған болса қыздарымыздан орамалын шешеміз дейді. Біз оларды ескертуден басқа ешқандай шара қолдана алмай отырмыз”, – дейді ол.

 Ал, Дін істері жөніндегі комитеттің өкілі Балғабек Мырзаевтың айтуынша, мұндай проблема тек Ақтөбеде ғана емес, Маңғыстау облысында да бар екен.

“Біз ата-аналарды шақырып алып, заңға бағыну керектігін түсіндіріп айттық. Бірақ, олар алған беттерінен қайтпай отыр. Біз мұнан кейін полицейлердің көзінше ескерттік, олар Білім және ғылым министрлігінің бұйрығын орындамаса 10 АЕК көлемінде айыппұл төлейтінін айттық. Егер тағы қайталанса 20 АЕК төлейді. Ал, егер үшінші рет қайталанса олардың балаларын интернатқа өткіземіз, төртінше рет заңға бағынбаса оларды ата-ана құқығынан айыра аламыз”, – дейді Мырзаев.

Оның айтуынша, қазіргі таңда Маңғыстау облысында тек 4 оқушы ғана хиджабын шешпепті. Қалғандарының ата-аналары мектеп басшыларымен ортақ тіл тапқан.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз