Нұр-Сұлтан
Қазір
-3
Ертең
-2
USD
521
0.00
EUR
610
0.00
RUB
6.68
0.00

Ақтөбеде дәрігерді өлтірген мейіргер 20 жылға сотталуы мүмкін

Іс Қылмыстық кодексінің «Адам өлтіру» және «Ұрлық» баптары бойынша қаралды. Сот отырысы бір айдан астам уақытқа созылып, бүгін жарыссөз кезеңі өтті.

«Айыпталушы өз сөзінде бұл күнді ішінара ғана есінде сақтағанын айтты. Пышақ жарақатын салғаннан кейін пәтердің еденін жуып, жәбірленушінің басына пакет кигізген. Қан іздерін жасыру үшін денені байлап, тоңазытқышқа салып қойған. Сот-медициналық сараптама қорытындысына сәйкес, Айсагалиев қан жоғалту, оң жақ кеудесіне түскен жарақаттар мен тіліктерден көз жұмған. Оның оң өкпесі мен жүрегі зақымданған. Барлығы жеті пышақ жарақаты мен соққыдан келген жарақат анықталды. Сонымен қатар, марқұмның банк шотынан 5 268 000 теңге шешіп алынған. Жалпы материалдық шығын планшеттер мен телефондарды қоса есептегенде 7 234 860 теңгені құрады», –деді мемлекеттік айыптаушы.

Сот барысында айыпталушы тапсырыспен алған силикон маска да көрсетілді. Маска марқұм Абай Айсағалиевтің бейнесіне ұқсас болып шыққан. Прокурор бұл жайтты да ескеруді сұрады.

«Қылмыстық кодекстің 188-бабы 3-бөлігі 1-тармағы бойынша 4 жыл 8 ай, 99-бабы 2-бөлігі 8-тармағы бойынша 16 жыл бас бостандығынан айыру жазасын, жалпы алғанда 20 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұраймыз. Жазаны орташа қауіпсіздік мекемесінде өтеу және жәбірленушінің азаматтық талабын қанағаттандыруды сұраймыз», – деді мемлекеттік айыптаушы.

Еске салайық, 2025 жылы 23 мамырда Ақтөбеде танымал нефролог дәрігер Абай Айсағалиев із-түссіз жоғалып кеткен еді. Бір аптадан кейін дәрігердің денесі табылды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2025 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз