Нұр-Сұлтан
Қазір
-11
Ертең
-9
USD
531
+1.72
EUR
544
+4.83
RUB
5.16
-0.01

Ақтөбеде бірнеше шенді қамауға алынды

Бұдан бөлек, ҚР АШМ Агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің Ақтөбе облыстық инспекциясы басшысының орынбасары Орынбаев сыбайлас жемқорлыққа жол берген.

«Ол өсімдіктер карантинін бұзғаны үшін әкімшілік жауапқа тартпаймын деп, кәсіпкерлерден тұрақты түрде пара алды деген күдік бар. Онымен бірге, аумақтық инспекцияның бас мамандары – Қаймолдиев және Көшкімбаев ұсталды. Олар өзара сөз байласып, карантинге жатқызылған өнімге тексеру жасамастан фитосанитарлық куәліктерді жылдам жасағаны үшін 7-20 мың теңге көлемінде заңсыз сыйақы алып отырған. Қаймолдиев пен Көшкімбаев ұсталды және уақытша ұстау абақтысына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде», – деп атап көрсетті Н.Жаxин.

Айта кетейік, бұған дейін ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бөлім басшысын 1,7 млн теңгемен ұстағаны туралы видеоны жариялаған болатын. Аталған оқиға да Ақтөбе облысында болған.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2025 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз