Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
3
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Ақтөбеде ақыл-есі кем келіншек өз анасын өлтіріп тастады

169

Бұл оқиға Әбілқайыр хан көшесіндегі пәтерлердің бірінде болған. 17 тамызда түннің ортасында ұйқысынан тұрған 83 жастағы зейнеткер, немересі мен қызының үстіне көрпе жаппақшы болады.

Алайда сол сәтте психикалық ауытқуы бар 45 жастағы қызы анасын ұра жөнелген. Айқайдың даусынан оянып кеткен 20 жастағы немересі әжесін ұрып жатқан анасын көреді. Ол анасын қарт кісіден әрең ажыратып алған.

Сөйтіп жедел жәрдем шақырып, әжесі ауруханаға жатқызылады. Бірақ қатты соққы алған қарт ана 10 күннен кейін қайтыс болып кеткен.

Тексеру барысында өз анасын ұрып өлтірген әйел туылғаннан бері ақыл-есі кем екені анықталды. Ол 1984 жылдан бері тіркеуде болған.

Облыстық психикалық денсаулық орталығы меңгерушісінің Ақмарал Балюнованың айтуынша, әйел көп уақыттан бері ем алмаған. Ол анасын бір ай бұрын да ұрған. Тіпті сол үшін стационарда ем алып шыққан екен.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз