Нұр-Сұлтан
Қазір
0
Ертең
3
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Ақтөбеде ақсақалдардың жезөкшелерге барып жүргеніне күйінген әйел әкімге хат жазды

169

Шұғайыпова өз хатында әкімнен көмек сұрап, бұл «бизнестің» тамырын басуға атсалысуын, адам саудасы полицейлердің көз алдында жүріп жатқанын, жеңгетайлардың тайрандап жүргенін, осының салдарынан талай қыздың қыршыннан қиылғандығын жазған.

Ол бірнеше рет құзырлы органдарға арыз жазғанымен ешқандай өзгеріс болмағанын да тілге тиек етіпті.

Сондай-ақ, адам саудасымен айналысып жүргендердің аты-жөнін білетінін, тіпті олардың мекенжайы туралы ақпарат қолында бар екенін жеткізген.

Шұғайпова бұл індеттің алдын алмасақ, өскелең ұрпаққа зиянымыз тиіп кететінін, ол үшін тек полицейлер ғана емес, жұмыла күресу керектігін түсіндіреді.

“Қазір ақсақалдарымыздың кейбірінде өзінің сүйікті жезөкшелері бар. Олар зейнатақы алған күні жезөкшелерге кезекке тұрады», – деп күйініп жазған қоғам белсендісі.

Хатты қорытындылай келе Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтан көмек сұрайды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз