Ақтөбе облысы Ырғыз ауданындағы Ақши ауылында 6 жасар бала басына мұз құлап қайтыс болды.
Бұл туралы Қазақпарат хабарлады.
Мұз құлаған уақытта бала су мұнарасының жанында болған. Салдарынан оқиға орнында көз жұмды.
«27 қаңтарда 6 жасқа толған. Өкінішке орай,бала оқиға болған жерде көз жұмды. Сараптама жүргізу үшін ауруханаға жеткізілді. Ашық бас сүйек-ми зақымын алған баланың өлімі жазатайым оқиға болып тіркелді», – деді Ырғыз аудандық аурухананың бас дәрігерінің орынбасары Гүлайым Малдығұлова.