Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
8
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Ақтөбеде 3 жетім бала асырап алған ата-анасынан қашып кеткен

Ағайынды Арсен мен Каринадан әке-шешесі бас тартқан. Жетінші сыныпта оқитан олар өздерін асырап алған отбасыдан жасы кіші Аленаны ертіп қашып кетеді. Мектепке барудың орнына білім бөлімінен бір-ақ шығады. Сондағыларға уақытша асырап алған аналарының қол көтергенін айтып шағымданған.

«Ұрлық жасаған. Светлана Борисовна қол жұмсағаны үшін сондай шағым айтып келді балалар. Үйіне қайтып бармаймыз дегесін біз орталыққа орналастырдық», – дейді Ақтөбе қалалық білім бөлімінің сектор меңгерушісі Ақырыс Шағырова.

Ерлі-зайыпты Мусиндер осы уақытқа дейін өздерінің туған бес баласынан бөлек, он бір жетімді ер жеткізіп, үйлі-баранды қылған. Кейін тағы 14 баланы қамқорлығына алыпты. Отанасы Светлана қашып кеткен үшеудің үлкені Арсеннен көресіні көргенін айтады. Қолының сұғанақтығы бар бала күнара дүкенге ұрлыққа түсіп, тәртіп сақшыларына ұсталады екен. Соңғы рет ашуланып ұрысқанын айтады. Бірақ қол көтермедім деп отыр.

«Арсенді қайтарып берсе де енді оны қамқорлығыма алмаймын. Тек қарындасы Каринаны аяймын. 20 жыл бойы қаншама жетім баланы асырап өсірдім. Аналық мейірімімді бергенімнен басқа жазығым жоқ», – дейді қамқоршы Светлана Мусина.

Мұны Мусиндер үйінде тұрып жатқан өзге жетімдер де растайды. Ұрмақ түгілі балаға қолының ұшын тигізбеді деп асырап алған аналарын ақтап шырылдап жүр.

«Анамыз оны ұрған жоқ, соққан жоқ. Тек ұрлық жасағаны үшін ұрысқаны рас. Бұзық баланың қылығы үшін анамыз жұртқа жек көрінішті болып отыр», – дейді асырап алған қызы Татьяна Челышева.

Бұған дейін Арсен мен Карина  өзге отбасының қамқорлығында болған. Мінезі қиқар ұлдың қылығына олар да шыдамай кері қайтарыпты. Енді, міне, Мусиндерге де сымай отыр.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз