Нұр-Сұлтан
Қазір
-2
Ертең
-3
USD
521
0.00
EUR
610
0.00
RUB
6.68
0.00

Ақтөбе облысында 30 жыл бұрын салынған балабақша апатты жағдайда тұр

Ғимарат әу баста ауылдық кеңестің кеңсесі, сосын әкімдік болған. Бертін келе балабақшаға айналған. Бірақ тұрғындар екі қабатты нысан салынғалы жөндеу жұмысын көрмеген.

«Біріншіден, астының іргетасы құлап жатыр, шашылып жатыр. Жөндеу керек. Терезенің бәрі жарылып жатыр, ағаш терезелер бұрынғы. Бұл 1989-шы жылы салынған балабақша. Содан бері жөндеу көрмеген. Жыл сайын қыздар жөндеу жұмысын өткізіп тұрады сылап, ақтап», – дейді Тамды ауылының тұрғыны Марат Махамбетов.

Сыз тарқан бөлмелер күз бен қыста азынап тұрады. Сондықтан балаларымыздың бөбекжайға барғанынан гөрі аурухана табалдырығын тоздыратын күндері көбейді дейді ата-аналар.

«Бір балам емес, екі балам келеді осы балабақшада. Балам жиі ауырады. Қызым бірінші рет барды бірнеше ауруханаға жатып шықтық. Балалар деген бронх болып шығады, шыны керек. Ғимарат бетон, қыста мұздай, жазда ыстық. Түскі уақытта апайлардың өзі хабарласады. «Балаңыз жөтеліп жатпай жатыр қақылдап» деп алып кетемін амал жоқ», – дейді ауыл тұрғыны.

Халық қабырғасы шөгіп, іргетасы сыр берген ғимаратты шенеуніктер жөндеуге асықпайды. Олар балабақшаны жөндеу үшін сметалық құжат дайындалғанын айтады. Тіпті ғимаратқа қосымша құрылыс салу көзделген екен.

«Бұл ғимаратқа қосымша құрылыс жасау керек болып тұр. Сол құрылысты жасай отырып, күрделі жөндеу жүргізіледі деп түсіндірілді ата-аналарға. Енді қазір барлық құжаттарды білім басқармасына тапсырдық. 2025-ші жылдың басында бюджет бекітіліп болғаннан кейін бұл объект 2025 жылдың ішіне кірілмей тұр. Бірақ 2026 жылдың тізілімінде тұр», – дейді Алға аудандық білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы Гүлшат Бүркіталина.

Білім бөліміндегілер қазынадан қаржы бөлінсе нысан келесі жылы жөнделеді деп сендірді. Тамды ауылындағы жалғыз мектепке дейінгі білім беру мекемесінде қазір 50-ден астам бала тәрбиеленеді.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2025 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз