«Эко Маңғыстау» үкіметтік емес мекемесінің басшысы Кирилл Осин құқық қорғау органдары тарапынан бақылауды және қоршаған ортаны ластағаны үшін жауапкершілікті күшейтуді ұсынды.
Кирилл Осиннің пікірінше, Қаракөл көлінің жанындағы ыстық радон бұлағына барар жолдағы қоқыс адамдардың өз жеріне деген немқұрайлылығын көрсетті.
— Өте нашар көрініс. Бұл демалыс орындарының ауданы және мен бұл солардың аумағынан әкелінген құрылыс қоқысы екеніне сенімдімін.
Құқық қорғау органдары тарапынан бақылауды күшейтіп, жауапкершілікті күшейтпейінше барлығы осылай жалғаса береді. Алматыда 70 жылдық еменнің кесілгені үшін 16 500 теңге, ал тасталған темекі тұқылы немесе бір камаз қоқыс тастағаны үшін бес айлық есептік көрсеткіш айыппұл салынады, осылай бейжай қарайтын болсақ, қоршаған ортаға зиян тигізушілер өз әрекетін тоқтатпайды, — деп түсіндірді Кирилл Осин.
Естеріңізге сала кетейік, жергілікті тұрғын Қаракөл көлінің жанындағы ыстық радон бұлағына баратын жолдағы полигонды видеоға түсірген болатын. Қала тұрғыны аумақтың ұсақ және үлкен қоқыспен ластанғанына наразы болды.