Нұр-Сұлтан
Қазір
18
Ертең
17
USD
476
+1.79
EUR
548
+3.05
RUB
5.93
-0.01

Ақтауда жартылай жалаңаш ер адам бойжеткенге шабуыл жасады

Видеолардың бірінде ақ түсті пиджак пен қара көйлек киген қызды ер адамның күштеп ұстап тұрғаны көрінеді. Қыз бала қарсылық білдіріп, босап шығуға тырысады. Ал оқиғаның куәгерлері араласып, жағдайға араша түскен.

Жағалау маңында түсірілген тағы бір видеода ер адам мен қыздың сөзге келіп қалғаны байқалады. Жанжал барысында ер адам қызға: «Сені зорлаймын» деп қоқан-лоқы көрсеткен.

Ең қауіпті жағдай жолдың жүріс бөлігінде болады. Қыз бала жартылай жалаңаш ер адамнан қашуға әрекеттенгенмен, ер адам оның соңынан қуады. Мұны байқаған бірнеше жүргізуші көліктерін шұғыл тоқтатып, ер адамның жолын кесуге тырысады.

Қыз бала өтіп бара жатқан көліктердің біріне мініп үлгергенмен, ер адам көлікке жүгіріп келіп, есігінен ұстап алады. Міне, осы кезде жүргізуші көліктен түсіп, қыз балаға көмекке ұмтылады. Ал оқиға куәгерлері жүргізушіден қыз баланы қауіпсіз жерге алып кетуді сұрайды.

«Полиция қызметкерлері оқиғаға қатысы бар барлық тұлғаның жеке басын анықтап, оларды ұстады. Олар Ақтау қалалық полиция басқармасына жеткізіліп, уақытша ұстау бөлмесіне қамалды. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері мен қажетті процессуалдық іс-шаралар жүргізіліп жатыр», – деді Маңғыстау облысы Полиция департаментінің өкілдері.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2026 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз