Нұр-Сұлтан
Қазір
-2
Ертең
11
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

Ақтауда заңсыз тасымалмен айналысқан бұрынғы полиция қызметкері ұсталды

102

Ақтау-Форт-Шевченко бағытындағы тас жолдың 43-ші шақырымында Тойота Королла автокөлігін тоқтатып, тексеру кезінде 110 дана, яғни 318 келі бекіре шыққан. Заңсыз тасымалмен айналысып жүрген Маңғыстау облыстық полиция департаментінің бұрынғы қызметкері болып шықты.

Ол өзінің мерзімі өтіп кеткен қызметтік куәлігін көрсетіп, айласын іске асырмақ болған. Алайда сақшылар зейнетке кеткен полиция майорының үстінен қылмыстық іс қозғап, тергеу амалдарын бастап кетті.

«Оған қатысты ҚР ҚК 339-бабы, 1-тармағымен іс қозғалып, тексеру жұмыстары басталды. Браконьерлерге қанша жерден тосқауыл қойсақ та, Қызыл кітапқа енген бекіре тұқымдас балықты аулауды тоқтатар емес.

Екі күндік жедел профилактикалық іс-шара кезінде табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері осындай 2 фактіні тіркеп, 541 келі бекіре тұқымдас балығын тәркіледі»,-дейді МО ПД ақпарат және мемлекеттік тіл бөлімі басшысының міндетін атқарушы Әйгерім Ибатуллаева.

Ақтауда экс-полицей контрабандамен ұсталды Тағы бір заңбұзушылық 22-шағынаудан, 6-үйдің маңында тіркелген.

Лада Гранта автокөлігін тексеру барысында 223 келі, 79 дана бекіре балығы шыққан. Қазір кінәлі азаматқа қатысты тексеру жұмыстары жүріп жатыр.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз