Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
11
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Ақтауда таксиге мінген бір келіншек жоғалып кетті

Қырмызыны соңғы рет 10 шілде күні қаладағы базар маңынан көрген. Келіншектің туыстарының айтуынша, өткен сейсенбіде ол базар маңынан шамамен кешкі алтыларда үйіне қарай такси ұстаған. Алайда келіншек үйіне жетпеген.

“Таксиде ол күйеуіне қоңырау шалып, үйге келе жатқанын айтыпты. Бірақ ол сол күйі үйіне келмеген. Біз бірден полицияға арыз жаздық. Актаулықтардан Қырмызыны табуға көмектесуін сұраймыз”, – дейді Қырмызының әпкесі Лаура.

Келіншектің үстінде ақ футболка мен сарафан болған. Қолында көлемі кішірек сөмке мен пакеті болыпты.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз