Нұр-Сұлтан
Қазір
6
Ертең
10
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Ақтауда перзентханада көз жұмған ананың өліміне дәрігерлердің салғырттығы себеп болған

“Өз ойым” бағдарламасына Skype арқылы байланысқа шаққан әйел қызының соңғы қиналысын дүйім жұртқа айтып берді.

“Қызым өзі босанған. Содан кейін оны босандырған акушер сәбидің жолдасы шықпай жатыр деп, тағы бір маманды шақырып келеді. Әлгі дәрігер келіп, қызымның жан дауысын шығарып, ішіндегі жолдасын жұлып алған. Мұның барлығын қызымның босануына серіктес болып кірген енесі айтып берді.
Жолдасын жұлып алған соң қызымнан қан кетіп, жағдайы нашарлайды.

Біраз уақыттан кейін бәрі жақсы болды деп, бізге онымен жолығуға рұқсат берді. Айданақ бірнеше күнде үйге шығамын деп қуанып жүрген еді”, – дейді Гүлжан.

Алайда жас ананың қуанышы көпке созылмай, үйіне шығатын күні оның беті қызарып, денесі көгеріп кеткен. Дәрігерлер не істерін білмей абдырап, оның суретін Астанаға жіберген.

Осыдан кейін мамандар Айданаққа барынша медициналық көмек көрсеткенімен, ол есін жимастан мерт болыпты.

“Меніңше қызымның өліміне дәрігерлер қателігі себеп болған. Олар сәбидің жолдасын іштен суырып алғанда инфекция түскен шығар деп ойлаймын”, – дейді әйел.

Осыған орай Денсаулық сақтау министрлігінің медициналық қызметті бақылау басқармасының бас сарапшысы Дархан Тұрлыбеков мәселенің мән жайын анықтап, толық тексеру жұмыстары жүргізілетінін жеткізді.

Дерек көз: Nur.kz.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз