Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
4
USD
450
-0.49
EUR
487
-1.57
RUB
4.86
0.00

Ақтауда қызметкеріне ыдыс-аяқ лақтырған интернат директоры жайлы жаңа мәліметтер шықты (видео)

Естеріңізге салсақ, психоневрологиялық ауытқуы бар мүгедек балаларға арналған интернат директоры қолына іліккен ыдыс-аяқты лақтырып, қызметкерлерін тәртіпке салып жатқан сәті әлеуметтік желіде жарияланған еді. Тіпті, басшысының шектен шыққан әрекетін камераға түсірген Эльмира Аманова, директордың қарамағындағыларға күн көрсетпейтінін айтқан болатын.

Осыдан кейін қызметінен уақытша шеттетілген Шаттыгүл Қаракүшіковаға лауазымдық міндетін дұрыс атқармады, ұжымда моральдық-психологиялық ахуал қалыптастырмады деген кінә тағылып, қатаң сөгіс берілді. Ал, бала күтуші Амановаға да мекемеде санитариялық-эпидемиологиялық және санитариялық-гигениялық талаптарды сақтамағаны үшін шара қолдану ұсынылған.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз