Жоғалған ер адам төрт жыл бұрын миллиард теңге жымқыру туралы қылмыстық істің фигуранты болған.
Ақтауда қалалық мәслихаттың бұрынғы депутаты Сергей Кутепов жоғалып кетті, деп хабарлайды sputniknews.kz “Лада” басылымына сілтеме жасап.
Жоғалған адамның туыстарының айтуынша, ер адам 1 сәуір күні таңертең үйінен шығып кетіп, қайтып оралмаған. Сол күні Кутепов қоңыр күрте, джинсы, қара көк бас киім мен сұр кроссовка киіп кеткен.
Экс-директор Кутепов жұмысына мұқият болмағаны үшін кінәлі деп танылды.
Сергей Кутеповтың туыстары оның қайда екенін білетіндерден мына телефондарға хабарласуын сұрайды: 8 (701) 522 54 49 немесе 102.