Нұр-Сұлтан
Қазір
22
Ертең
14
USD
476
+3.72
EUR
511
+5.93
RUB
5.47
-0.06

Ақтауда бүрге қаптап, тұрғындардың берекесін кетірді

«Жыл сайын маусым айында осы мәселе. Бүргелер қаптайды. Үйге кіру мүмкін емес. Бүргелер үстімізге жабысып, 1-қабаттан бастап, 4-5-ші қабаттағы үйімізге барамыз. Күрескенімізбен, нәтиже жоқ. Яғни, дезинфекция жасау үшін пәтер иелерінің тұтыну кооперативіне тапсырыс береміз. Биыл да өтініш бердік, бірақ әлі жасамады», – дейді тұрғынның бірі.

Зиянкестермен күрес жұмыстарын жүргізетін жергілікті компания жүйелі түрде дизинфекция жасалып жүргенін айтады. Тұрғын үйге қызмет көрсететін коммуналдық мекеменің мәлімдеуінше, өтініш түскен сайын залалсыздандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Мысалы, маусым айында 8 үйге дизинфекция жұмыстары жүргізілген.

«Бүрге мәселесі жыл сайын көтеріледі. Бұған көндігуден бұрын, мүның факт екенін қабылдау керек. Дизинфекциямен айналысатын көп компаниялардың жұмысы тиімді бола бермейді. Біз басқа жолдарын қарастырып жатырмыз. Бар айтарым, біздің жұрғынүйдің басшылығы барынша тырысып жатыр», – дейді «Актау Рауан LTD» пәтер иелерінің тұтыну кооперативінің диспетчері Сәлима Менгисиева.

 

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз