Қарағанды облысы, Шет ауданы Ақшатау ауылдық округінің әкімі Нұрлан Сейілбеков 23 жастағы қызды зорлады деген күдікпен ұсталды. Қыздың ата-анасының айтуынша, оқиға 2024 жылдың қаңтарында әкімдікте жұмыс істеп жүрген кезінде орын алған. Ал 2025 жылдың 3 мамырында күдікті оны ұрып кеткен.
Бастапқыда ол үй қамаққа алынғанымен, кейін сот шешімімен тергеу изоляторына қамалды. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде. Жәбірленуші Қарағандыдағы ауруханада жатыр.