Ресейлік әйел асырауға ақшам жоқ деп балаларын өлтіріп тастады.
Бұл туралы Ktk.kz хабарлады.
27 жастағы әйел балаларын өртеп жіберді. Айуандық әрекетін ол өзінің табыс таба алмайтынымен түсіндіреді. Балаларымды асырауға ақшам жоқ дейді ол. Айта кетсек, ол балаларын асырау үшін тіпті жұмыс іздеп талпынбаған.
Әлеуметтік желідегі парақшасында ол көліктің ішінде селфи жасап, балаларымен ән салып отырған видеосы бар. Еленаның құрбысы Иринаның айтуынша, анасы 4 жастағы Хадижа мен 2 жасар Сулейманды қатты жақсы көрді. Мүмкін емес, балалары ауырып қалса жаны қалмай жүгіретін, – дейді ол.
Сот үкімін шығарардан бұрын оны психологиялық тексеруге жіберді. Бәлкім, санасынан айырылған болар? Дегенмен баласын қанша жақсы көрсе де, отбасында ақша болмаған. Бұл туралы оның құрбысы Ирина полицияға айтып берді. Ол тек ақшадан әбден қысылған соң ғана осындай қадамға барғанын айтады.
Елена балаларын қылқындырып өлтіріп, сосын жағып жіберген, – деп мәлімдеді Ресей тергеу басқармасының аймақтық бөлімі. Екі сәбидің денесі Нижегород облысы Семен ауданындағы көкөніс қоймасында табылған.