Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
14
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

“Ақшаңды берсең болды”. Жолсеріктер билетсіз жолаушыларды мінгізгені үшін қанша ақша сұрайды (видео)

Видеода департамент мамандары алдымен «Көкшетау – Қызылорда» бағытындағы поездың жолсерігіне жолығып, билетсіз астыңғы орынды тауып беруін сұрайды.

«12 мыңнан бар. Егер соған неғыламын десең, қазір жатқаннан Шымкентке дейін жатасыз. Купенің ішінде астыңғы орын. Маған ақшаны беріп кетесің. Мен жатқызып кетемін. Өзім 7-ші вагонда боламын», – дейді Күлән есімді жолсерік.

Осыдан кейін бақылаушылар «Петропавл-Алматы» бағытындағы жүрдек поездың жолсерігіне жолықты. Ол да ақшаға жеткізіп беруге келісті. Ал «Көкшетау-Қызылорда» поезының жолсерігі жатқызатын орынға дейін көрсетіп берді.

«10 болады. Жүр, көрсетейін. Менің купем. Басқа орын жоқ қой. 8 мыңға мынаны беремін. Ол – үшінші «полка». Ал екінші «полка» 12 мыңға кетіп қалады», – дейді жолсерік.

Көкшетау вокзалындағы делдалдар да камераға түсіп қалды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз