Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
8
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

“Ақшамды қайтарыңдар”. Петропавлда 20 шақты жұмысшы айлығын ала алмай жүр

Солтүстік Қазақстан облыстық (СҚО) мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының бастығы Қайрат Пішенбаветың сөзінше, бүгінге дейін “К-Дострой” компаниясында жұмыс істеп жүрген 20 шақты адам жалақысын ала алмай жүргеніне шағымданған. Компания Астана қаласында тіркелгендіктен алда бұл мәселені Астананың еңбек инспекциясы басқармасы қарамақ. СҚО прокуратурасы бұл іс бойынша тексеріс жүріп жатқанын айтады.

“К-Дорстрой” компаниясының басшыларына 25 мамырға дейін жұмысшылардың жалақыларын төлеуге уақыт берілді. “К- Дострой” қызметкерлері компания қаржылық жағынан қиындықтарға тап болғанын, қарызға батқанын айтып, 25 мамырға дейін жалақылары төленетініне күмән келтірді.

“К-Дорстрой” компаниясы негізінен жол жөндеу жұмыстарымен айналысады. Компания 2015 жылдан бастап Петропавлдағы Петропавл-Бескөл жолының 10 километрі мен әуежайдың рулеждік жолдарын, ұшып-қону жолағын қайта салуға қатысқан.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз