Интернетте ерекше жарнама жасаған ер адамның видеосы пайда болды.
Youtube желісіне жүктелген видеода ер адам өзінің ұлын әйелдердің колготкиіне тығып жібереді де оны секіртіп, созып көрсетеді. Капрон төзімді-ақ екен, оған шыдап береді. Ер адам осылайша колготкилердің сапасын көрсетпек болған секілді.
Life.ru басылымының жазуынша, қытайлық кәсіпкер Чэн Хунвэй: «Соңғы уақыттарда кәсіппен шұғылдану қиындап кетті. Ал бұл видео сатып алушыларға біздің тауарымыздың керемет сапасын көрсетеді»- дейді депті.