Нұр-Сұлтан
Қазір
-2
Ертең
11
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

“Ақша қайда, ақша?..”. Халықты жұмыспен қамту орталығына барған Әбенов неге ашынды?

243

Ал жұмыссыз қазақтан не сұрайсыз?  Ол жанын сақтай ма, әлде тілін қорғай ма?

https://kaz.365info.kz/putinnin-khany-khajnagan-shygar-ukraina-ne-byldirgenin-bilesiz-be-279122

Экс-депутат Мұрат Әбеновтың ойын осылай толықтырған болдық. Әлеуметтік желідегі парақшасында осы бір өзекті мәселені көтерген Әбенов: “Еңбек биржасы неге қазақша қызмет көрсетпейді?” деп бұлқан-талқан болыпты. 

Қазақ неге жұмыссыз? 

Әбеновтың айтуынша, әзір елімізде жұмыссыз жүргендердің көбісі ауылдан қалаға келген қазақ жастары. Бұған “Серпін” бағдарламасын жүзеге асырғалы бері көзі анық жетіпті. 

“Амал жоқ, туған өлкесінен, ата-анасынан алыстап қалаға барып жұмыс іздеуге мəжбүр.

Оларға бос орын табуға қандай жағдай жасалғанын білгім келіп өткен аптада Астана қаласының Халықты жұмыспен қамту орталығында болдым. 


Орталықта жұмыс іздеушілер үшін отыратын орындар, балаларға арналған кішігірім ойын алаңы, ақпараттық тақтайшылар және арнайы жұмыссыздарға өздері бос орын іздейтін ақпараттық жиынтығы бар enbek.kz сайтының парақшасы ашылған компьютерлер қойылған. 

https://kaz.365info.kz/tyngyshym-goj-ayamajmyn-khajrat-nyrtastyn-akesi-osy-kynge-dejin-ajtylmagan-bir-syrdyn-betin-ashty-267399

Бір топ компьютерде отырған жұмыс іздеушімен жеке сөйлестім. Мен үшін оның «қалай жұмыс іздеп отырғаны, көрсетіліп жатқан қызметтерге риза ма» деген сұрақтарға жауап алғым келді.

Оларға жақындаған бойда «Enbek.kz» Электронды еңбек биржасы жұмысына өз шағымын білдірді – ЕҢБЕК ПОРТАЛЫНДА ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ МҮЛДЕМ АҚПАРАТ ЖОҚ.

Бұл қалай? 


Содан кейін, әлгі жігітпен бірге орталықтың толық қызметін алу мақсатында, халыққа қызмет көрсету бөліміне қарай бардық. Орталық қызметкерінен ауызша қазақ тілінде ақпараттар алдық.

Алайда, мен «Еnbek.kz Электронды биржасының» мемлекеттік тілде қызмет көрсетпейтіні жайлы ескертулер айтқан едім. Бірақ,

Халықты жұмыспен қамту орталығының қызметкерлері «Электронды биржаның» жұмысына қатысты мәселені шеше алмайтындығын атап өтті. 

Бірге отырып мынадай кемшіліктерді көрдік – «Бос орындар» туралы мәліметтер, мамандық атаулары барлығы тек орыс тілінде толтырылған.

Қайта-қайта қазақ тілін таңдап көрдік. Мысалы, көп талап етілетін мамандық – “дәнекерлеуші” деп іздеп көрдік. Ана тілімізде Бос орындар туралы ақпарат шықпады. Ал орыс тілінде “сварщик” деп көрсетіп едік көптеген бос орын табылды.

Сонда “дәнекерлеуші” болып жұмысқа тұру ушін орыс тілін білу міндетті ма?

Осы жерде бір күрделі сұрақ туындайды: жұмыс іздеуші қазақ тілінде сөйлеп-түсінетін ғана азамат делік, ендеше, ол аталмыш базаға кіріп нені түсінеді?

Бұл – сайтты әзірлеуші, яғни, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстан Республикасы Конституциясының 7-бабына сәйкес азаматтардың конституциялық құқықтарын өрескел бұзып отыр деген сөз.

– Сонымен қатар, «Тіл туралы Заңның» бірнеше баптары бойынша заңбұзушылықтар бар”, – дейді Әбенов.

Кейіннен, ол көзбен көргенін орталық директорына жеткізіпті.  Әлгінің «дұрыстаймыз» деген жауабын алыпты. 

https://kaz.365info.kz/khydagi-zhendi-zhyrtty-zar-khakhsatkhan-alayakh-sandugash-akhyry-sottalyp-tyndy-275076

 “Ал ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бұл заң бұзушылықты тез арада тоқтатуы керек. Азаматтардың өз елінде мемлекеттік тілде мемлекеттік мекемеден қызмет талап етуге құқығы бар. Осы Электронды биржаға жұмсалған қаржыны тексерүді талап етеміз. Егер тек бір тілде жасалған болса –

онда қазақ тіліне бөлінген қаржы қайда кетті?”

– дейді Әбенов. 

Шынымен, қазақ тіліне бөлінген ақша қайда кетті? Қайда кетіп жатыр?…

https://kaz.365info.kz/khazakhsha-sojlegen-tyrin-aj-sagadievtin-deputat-tileuhanga-bergen-zhauaby-253119

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз