Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
8
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

“Ақша бөлінгенмен, атқарылған жұмыс жоқ”. Үшарал аэровокзалы құрылысына қатысты былық шықты

267

Алматы облысы жолаушылар көлігі мен автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Серік Төребаев іс жүзінде жасалмаған жұмыстар үшін бюджет қаражаттарын мердігердің есеп шотына аударған. Осы заңбұзушылықтары үшін Алматы облысы жолаушылар көлігі мен автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары С.Төребаев пен бөлім басшысы Л.Карсыбаева тәртіптік жауапқа тартылды, яғни, Әдеп жөніндегі кеңестің шешімімен мемлекеттік қызметке кір келтіретін теріс қылық жасағаны үшін «қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту» жасалды.

2017 жылдың 15-ақпанда жүргізілген прокурорлық тексеру нәтижесінде, аэровокзалдың шатырының жабынғысы (металочерепица) төселмегені, терезелердің орнатылмағаны анықталды.

Сонымен бірге, электр желісі жүргізілмегені, аэровокзалдың төбесіне жылыту материалдары төселмегені белгілі болды. Бұған қоса, әуежай объектісіне найзағай ұстау бағанасы (молнееприемник, заземление) орнатылмаған.

Техникалық қадағалау жүргізетін маманның қорытындысына сәйкес, атқарылмаған жұмыстардың құны 28 млн. теңге болды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз