Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
20
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

АҚШ үш айға алдын ала COVID-ке қарсы дәрілердің барлық әлемдік қорын сатып алды

219

Ремдесивир – Ковид-19-ды емдеуге лицензия алған алғашқы препарат.  оны америкалық компания Gilead өндіреді. Клиникалық зерттеулердің нәтижесі оның аурудан тезірек айығуға көмектесетінін көрсетті.

Қазақстан коронавируспен ауырған бір адамды емдеу үшін $2 340 жұмсауы мүмкін

Алғашқы 140 мың дозаны компания бүкіл әлем бойынша тегін жеткізді. Дүйсенбі күні ремдесивир АҚШ-тың лицензиялау органдарының мақұлдауын алғаннан кейін, Gilead барлық елге бірдей баға тізімін белгіледі

Бір тәуліктен кейін Трамп әкімшілігі компаниядан 500 мың дозаны сатып алғаны белгілі болды.

Бұл Gilead-тің шілде айында шығарылған барлық өнімі, және тамыз бан қазан айындағы өнімінің кем дегенде 90%

«Президент Трамп америкалықтарға Covid-19-дан емделуге көмектесетін алғашқы авторландырылған терапевтік құрал  қолжетімді болуы үшін сәтті мәміле жасады», — деді АҚШ-тың денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет министрі Алекс Азар FoxNews эфирінде.

Екінші карантиннің шектеу шараларын жан-жақты ойластырған жөн — экономист қателіктерді қайталамауға шақырды

«Кез келген ремдесивир қажет америкалық пациентке бұл дәрінің мүмкіндігінше қолжетімді болғанын қалаймыз. Сонымен қатар, Трамп әкімшілігі бүкіл әлемдегі Covid-19-ға ем болатын өмірлік маңызды препараттар туралы көбірек біліп, оларды америкалық халық пайдалана алуы үшін  қолдан келгеннің барлығын жасайды».

АҚШ президентінің айналасындағы көптеген жоғары лауазымды шенеуніктер де осындай мағынадағы үндеу жасады. Алайда, көптеген сарапшылар мен нарық қатысушылары Трамптың біржақты, оқыс әрекеттері мен оның ықтимал салдарына қатысты алаңдап отыр.

Артық ешнәрсе жоқ, жай ғана сайлау

Ливерпуль университетінің аға ғылыми қызметкері Эндрю Хиллдің айтуынша, соңғы бес ай ішінде нарық америкалық компанияның жетістіктерін бақылау жасады. Осы уақыттың ішінде АҚШ-тан тыс жерлерге дәрі-дәрмекті жеткізу механизмінің жоқтығы туралы алаңдаушылық болды.

«Америкалық компаниялар да коронавирусқа қарсы дәрілер әлемнің барлық еліне қолжетімді болуы керек деген талабы бар келісімге қатысады. Жеткізу механизмі мен өндіріс, лицензия туралы әңгімеге қозғаған кезде компания оны «нәтижеге қол жеткізіп, мақұлдауды алғаннан» кейінгі мерзімге  қалдырды.

Препарат мақұлданды, ал механизм қайда? Бұл препаратты басқа бірде-бір ел  өндіре алмайды, себебі лицензия тек Gilead-те ғана.

Ірі дүкендерді жабу карантинге қалай кері әсер етті — сарапшылар

Менің ойымша, алдымызда өте қиын кезең күтіп тұр,  озық елдер бүкіл әлемнен оқшауланып, шекарасын жабады. Қазір өзінді сол қиындықтардың бастмасын байқап отырмыз», —деді Хилл Тһе Guardian.

«Трампты Американың патриоты ретінде мадақтайтын шенеуніктерді тыңдау күлкілі», — деді CNNN халықаралық қатынастарды зерттеу институтының (Сиэтл) талдау бөлімінің директоры Генри Хоткинс.

Оның айтуынша, Трамптың пандемияға және қатаң карантиндік шараларды енгізу қажеттілігі туралы сарапшыларды айтқанына құлақ аспауы миллиондаған америкалықтардың вирус жұқтырып, көз жұмуына себеп болды.

«Ал енді, ол әлемдік дәрі-дәрмек қорын сатып алу арқылы,  АҚШ-ты құтқара ма? Бұл тек жаңа сайлау алдындағы стратегия. Мен оған бұл «керемет идеяны» кім бергенін білмеймін, бірақ мына мәселе туралы ойлап қараңызшы.

Ремдесивирдің әлемдік қорын сатып алу — бұл вирустың таралуына және қаза тапқандардың санына жай ғана реакция емес. АҚШ жаһандық пандемия кезінде Америка жалғыз бәрін жеңе алады деген ұстанымға көшті.

Трамп әкімшілігі АҚШ-та өндірілген өмірлік маңызды медициналық тауарларды шетелге жіберуге тыйым салатын қорғаныс өндірісі туралы заңға сілтеме жасап отыр. Енді тиімді вакцинаның басқа елде пайда болатынын елестетіңіз.  Ремдесивирдің қажетті көлеимін ала алмағандықтан ол елдегі жағдай шиеленісіп кетті.

Менің ойымша ол ел

үкіметі АҚШ-ты вакцинаны қажет ететін елдер тізімінің соңына қойып қояды»,

— деді ол.

Сонымен қатар жаһандық дағдарыс кезінде бүкіл әлемді өзіңе қарсы қоюдың қажеті жоқ деп толықтырды. Бұның салдары теріс әрі жағымсыз болуы мүмкін.

АҚШ-ты қалай жазалауға болады

Ливерпуль университетінің маманы Эндрю Хиллдің айтуынша, пандемия кезінде осы және басқа да препараттарды жеткізудің мәжбүрлі лицензия деп аталатын тәсілі бар.

Халықаралық заңнаманың бұл нормасы компанияның зияткерлік меншік құқығын жояды. Gilead патенті мойындалмай, Бангладеш немесе Үндістанның генерикалық компанияларында дәрі-дәрмек өндірісін жолға қоюға мүмкіндік береді.

«Мұндай қадам айтарлықтай қаржылық шығындарды талап етеді және бірде-бір ел мұны істей алады деп ойламаймын. Сондықтан америкалық компанияларсыз коронавируспен күресуге қанша ел дайын деген мәселе бар», — деді ол Тһе Guardian-ге берген сұхбатында.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз