Нұр-Сұлтан
Қазір
-2
Ертең
-14
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

АҚШ техникалық дамудың негізгі көрсеткіші бойынша соңғы орында

188
Сурет: Телеканал 24

Opensignal зерттеу компаниясының 5G мобильді жүктеу жылдамдығы туралы есебінде барлығы 12 ел қарастырылады. Компания «болашақтың технологиясын» кеңінен дамытқан көшбасшыларды ғана ескерді.

Зерттеу нәтижелері

Opensignal зерттеу компаниясының 5G мобильді жүктеу жылдамдығы туралы есебінде АҚШ-тағы мобильді интернетті пайдаланушылар үшін 5G жүктеудің орташа жылдамдығы секундына 50,9 мегабитті құрады. Бұл 4G LTE желілеріне қарағанда шамамен екі есе жылдам. Бірақ бұл басқа 12 елге қарағанда әлдеқайда төмен.

Сонымен, Сауд Арабиясында ең жоғары жылдамдық 414,2 Мбит/с болды, бұл елдегі орташа 4G жүктеу жылдамдығынан 14 есе жоғары.

Қаншалықты артта қалғанын түсіндіру үшін зерттеу авторлары мынандай мысал келтіреді:

Жоғары сапалы екі сағаттық фильмді жүктеу үшін америкалықтарға 5 минут уақыт керек. СА тұрғындарына 41 секунд жеткілікті

Екінші орынды 312,7 Мбит/с жылдамдықпен Оңтүстік Корея иеленді.

 

Ең бастысы  — жиілік

«АҚШ-тағы операторлар қызмет көрсетуде қолданатын  5G радио толқындарының түрлері жылдамдыққа әсер етеді», — делінген зерттеуде.

Көптеген көшбасшы елдерде 3,5 ГГц диапазоны қолданылады. Ол жылдамдық пен қол жетімділіктің жақсы тепе-теңдігін қамтамасыз етеді. Ал дәл осы диапазон АҚШ-тағы операторларға қол жетімді емес.

Қазақстан мен Ресей арасындағы жанжалға металл сынықтары себеп болды

Негізінен,  америкаық 5G байланысы төменгі диапазондарда құрылады — мысалы, 600 МГц,  жабыны ауқымды болғанымен, жылдамдығы әлдеқайда төмен. Verizon операторы 28 Гц жоғары жиілікті пайдаланады, оның жылдамдығы өте жоғары, бірақ жабыны минималды деңгейде.

Жылдамдықты өлшеу үшін елдердің ірі қалаларында да, шалғай аудандарында да зерттеу жүргізілгенін атап өтті. Бұл пайдаланушыларға технологияның қол жетімділігін бағалауға мүмкіндік берді.

Сауд Арабиясы тағы да бірінші орында — қол жетімділік 34%. АҚШ 19%-бен бесінші орынға жайғасты.

Зерттеу нәтижелерін талдай отырып, Opensignal мамандары келесідей қорытындыға келді:

үкімет операторларға жоғары жиіліктерге қол жеткізуге мүмкіндік бермейінше, 5G-ді дамытудың мағынасы жоқ

«Бүкіл әлем бойынша сымсыз байланыс операторлары желілерді 5G-ге дейін жаңарту үшін ондаған миллиард доллар жұмсайды. Алайда, қажетті жиіліктерсіз жүктеу жылдамдығын 4G-мен салыстырғанда 10-100 есе арттыру мүмкін емес.

Нәтижесінде пайдаланушыларға 5G телефондарына ауысудың қажеті жоқ, өйткені олар тұрақты ақауларға тап болады. Сонымен қатар, 5G-ге қарағанда бұл елдерде 4G тұрақты жұмыс істейді және кеңірек болады», — делінген хабарламада.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз