Нұр-Сұлтан
Қазір
-4
Ертең
-5
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

Қазақстан мен Ресей арасындағы жанжалға металл сынықтары себеп болды

476
Сурет: metallurgprom.org

Қазақстан мен Ресей арасында жаңа сауда қақтығысы туындап отыр. 2 қыркүйекте Қазақстанның іс-әрекетінде Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) Ресейге металл сынықтарын жеткізуге «тосқауыл» жасау белгілерін көргені белгілі болды.

ЕЭК қорытындысына сәйкес, 10 Маусымда «ҚТЖ-Жүк тасымалы» темір жол арқылы қара және түсті металдардың сынықтары мен қалдықтарын экспорттауға тыйым салатын бұйрық шығарды. РБК-де атап өткендей, Қазақстан жыл сайын Ресейге 1 млн тоннаға жуық металл сынығын жеткізетін.

2020 жылдың 5 айында шамамен 300 мың тонна жеткізілді, бұл ретте мамыр айында экспорт үш есе төмендеді, ал маусым айынан бастап толығымен тоқтады.

Тапшылық туралы бірінші болып Магнитогорск металлургия комбинаты (ММК) мәлімдеді, оның қажеттілігінің 30%-ы қазақстандық жеткізушілерге тиесілі

Компания басшылығы Ресейдің Индустрия және сауда министрлігіне қолдау сұрады. Сол жерден Экономикалық даму министрлігіне хат жіберілді, онда қазақстандық болат әлі де экспортталып жатқанын мәлім етті. Осыдан кейін мәселе ЕЭК қарауына шығарылды.

Министрліктегілер не дейді

Қазақстан металл сынықтарын экспорттау саласында қандай да бір қосымша тосқауылдардың салынғанын жоққа шығарады.

«Бүгінгі таңда индустрия және инфрақұрылымдық даму, Ұлттық экономика, қаржы министрліктерінің «қара және түсті металдардың сынықтары мен қалдықтарын тасымалдаудың кейбір мәселелері туралы» бірлескен бұйрығы қолданыста, оған сәйкес үшінші елдерге және ЕАЭО-ға Қазақстан Республикасының аумағынан қара және түсті металдардың сынықтары мен қалдықтарын автокөлікпен әкетуге тыйым салынады.

Бұл бұйрық 2020 жылдың 22 қазанына дейін әрекет етеді. Бұйрық Еуразиялық экономикалық одақ (одақ) туралы шарттың 29-бабы негізінде қолданылады.

Қазақстан Республикасы қара және түсті металл сынықтары мен қалдықтарын экспорттау бойынша өзге де тыйымдарды енгізген жоқ»,

— делінген ИИДМ ресми хабарламасында.

«Металлургия саласы Қазақстан экономикасының негізгі салаларының бірі, ол макроэкономикалық көрсеткіштердің қалыптасуына жоғары әсер етеді

— деп атап өтті министрлік.

Ресеймен бірігудің қажеті жоқ, тек ынтымақтастық орнату керек — сарапшы. 1-бөлім

Ел экономикасына теріс әсер еткен коронавирус  пандемиясының қазіргі жағдайын ескере отырып, отандық металлургиялық кәсіпорындарды сынықтар, қара және түсті металл қалдықтары түрінде шикізатпен қамтамасыз етуде қолдау және технологиялық тоқтап қалуларды азайту  біз үшін маңызды».

ЕЭК-тегі даудың мәніне келетін болсақ, РБК қазақстандық ведомствосының айтуынша,

«…сынықтарды тиеуге тыйым салған «ҚТЖ-Жүк тасымалы» кәсіпорны өз қызметін дербес жүзеге асырады: ол шығаратын актілер Қазақстанның Нормативтік-құқықтық актілер жүйесіне кірмейді».

Ары қарай не болады?

Комиссияның қорытындылары одақтың ішкі нарығындағы жекелеген кедергілерді талқылау бойынша ЕАЭО-ға мүше елдердің мемлекеттік орган басшысы орынбасарларының кеңесінде ұсынылады. Бұл кездесу қашан болатыны белгісіз.

«Комиссия алаңында осы мәселе бойынша жұмыс және жағдайды талдау жүргізілуде. Қазіргі уақытта тиісті талдау материалдары мүше мемлекеттердің атына жіберілді. Аталған материалдарды қарау қорытындысы бойынша жұмыс белгіленген тәртіппен жалғасатын болады. Мәселе одақ органдарына ұсынылады», —деп хабарлады РБК ЕЭК баспасөз қызметінен.

Сарапшылардың пікірінше, мәселе екі жақты келіссөздерде немесе ЕЭК алқасында шешілетін болады. Бұл ретте олар істің экономикалық сотқа жететініне күмән келтіреді.

Металл сынығын экспорттаудан қанша пайда түседі?

Сыртқы сауда бойынша ресми статистика көрсеткендей, алты ай ішінде Қазақстан 322,7 мың қара металл қалдықтары мен сынықтарын шетелге экспорттаған. Бұл өткен жылдың ұқсас кезеңінің көрсеткіштерінің үштен бірінен төмен (2019 жылдың бірінші жартыжылдығында экспортқа 500 мың тонна кетті).

Негізгі тұтынушы Ресейге 2019 жылдың қаңтар-маусымында барлық экспорттың шамамен 85%-ы (428,2 мың тонна), ағымдағы жылы – 88%-ы (283,8 мың тонна) сонда кетті. Сонымен қатар, көптен бері алғаш рет маусым айындағы көрсеткіштер төмен болды. Жалпы экспорт 12,6 мың тоннаны құрады, оның 9,2 мың тоннасы Ресейге жөнелтілді.

«ҚазМұнайГаз»-ды қысқартып, Тоқаевтың ұсыныстарын қалай орындауға болады — Әшімбаев

Ақша жағынан әлдеқайда көп шығын келеді. 2019 жылдың бірінші жартыжылдығында металл сынығының экспорты Қазақстанға 125,4 млн доллар әкелді. 2020 жылғы қаңтар-маусымда – 45,4 млн. Осылайша, шетелдік сату құндық мәнде үш есе төмендеді. Егер Ресей туралы нақты айтатын болсақ, былтырғы 103,7 миллион доллардың орнына сату 34,4 миллион долларды құрады.

Алайда, Ресей жеткізілім көлемі төмендеген  жалғыз бағыт емес. Өзбекстанға жіберілетін экспорттың 10%-ға жуығы қысқарды, сату құны бір жыл ішінде 2,5 есеге – 17,6-дан 7,2 млн долларға дейін төмендеді. Физикалық көлем екі еседен артық мөлшерге – 57,9 мың тоннадан 24,9 мың тоннаға дейін төмендеді.

Экспорттың бағасы айтарлықтай арзандады

Егер 2019 жылы бір тоннаның орташа құны 250,4 долларды құраса, бір жылдан кейін – 140,8 доллар деңгейіне жетті

Атап айтқанда, Ресейде баға екі есе төмендеді. Бір тонна металл сынықтарының бағасы 242 доллар болса, қазір  121 доллар.

Ресейге жіберілетін прокат экспортты төмендеді

Егер металлургияның негізгі өнімдерінің бірі ретінде жалпақ прокат экспорты туралы айтатын болсақ, жалпы жағдай жақсы. 2020 жылдың 6 айында шетелге 962,1 мың тонна сатылды. Бұл 2019 жылдың бірінші жартыжылдығындағы көрсеткіштен 10,2%-ға көп. Рас, жөнелтудің өсуіне қарамастан, түсім 518,1-ден 469,5 миллион долларға дейін төмендеді.

Бұнда да негізгі бағыт Ресей. Бірінші жартыжылдықта ол жерге жалпы сомасы 297,4 млн доллар болатын 586,3 мың тонна прокат кетті. Алайда, бұл өткен жылмен салыстырғанда аз. Ол кезде жөнелту көрсеткіштері 686,2 мың тоннаны, түсім – 402,9 млн долларды құрады.

Алайда, қазақстандық металлургтердің прокат өткізудің баламалы нарықтары бар. Ең алдымен Қытай. Тек маусым айында 71,3 мың тонна сатылды. Бұл 2019 бірінші жартыжылдығының көрсеткіштерінен бес есе көп. 2020 жылғы қаңтар-маусымда аспан асты еліне нақты экспорт 199,3 мың тоннаны құрады. Жалпы сомасы — 75,4 млн доллар. Үшінші ірі сатып алушы Өзбекстан — 114,8 мың тонна (+29%) және 61,1 млн доллар (+9,9%).

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз