Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
-1
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

«ҚазМұнайГаз»-ды қысқартып, Тоқаевтың ұсыныстарын қалай орындауға болады — Әшімбаев

199

Қасым-Жомарт Тоқаев квазимемлекеттік секторды 25%-ға қысқартып, мемлекеттік басқару қағидаттарын өзгертуді ұсынды. Сондай-ақ ол ТЖМ мен стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттікті қайта құру қажет деп тапты.

Мұндай шараларды бұрыннан қабылдау керек еді. Сарапшылар елдегі экономикалық саясаттың архитектурасы айқын қателіктер мен бұрмалаулардан құрылғанын бірнеше рет атап өтті. Ал мемлекеттік аппараттың шамадан тыс құрамы мен ұлттық компаниялардың менеджменті жұмсалатын шығынды ақтамайды.

Квазимемлекеттік сектордағы штатты қысқартудың парадоксы ұлттық компаниялардың айналасында саңырауқұлақтар сияқты қаптаған қызметі ұқсас, еншілес компанияларды жабуға негізделеді

Алайда, соңғы жылдары олар негізгі функциясын — пайда табуды тоқтатты. Сірә,

президенттің шыдамы таусылса керек, ол түбегейлі шаралар қабылдап, оның тұрғындарының төрттен бір бөлігін жемнен алыстату туралы шешім қабылдады

Жолдаудан кейін жоспарланған реформалардың соңы қандай болатынын саясаттанушы Данияр Әшімбаев айтып берді

Қысқарту керек, қалдыруға болмайды

— Данияр, квазимемлекеттік аппаратты қысқарту туралы сізбен бірнеше рет талқыладық. Бірақ жұмысынан айырылған кадрлардың 25%-ын қайда жұмысқа орналастырады?

— Мен қашан да таза түрдегі механикалық қысқарту популизм екенін айттым. Бізде артық кадры құрылымдар бар. Қызметкерлер жеткіліксіз құрылымдар бар. Бүгінгі министрліктер 5-6 ескі департаменттерді біріктіру арқылы пайда болды. Онда мәртебесі бойынша вице-министрлер немесе комитет төрағалары айналысатын мәселелермен басқармалар мен бөлімдердің бастықтары айналысады.

Бірақ  жауапкершілікті талап ететін маңызды стратегиялық мәселелер бар. Мұнда кадрлар жетіспейді.

Квазигоссекторда тым көп адам жұмыс істейді. «Қазмұнайгаздың» Басқарма Төрағасы Алик Айдарбаев соңғы жылы басқарушы директорлар санының қысқарғаны туралы екі рет жариялады. Соңғы рет бірнеше ондаған адам туралы сөз болды. Дегенмен, басқармада 6-7 адамның қалғанын  көріп отырмыз.

Қазақстандағы негізгі жұмыс орындары квазимемлекеттік сектор менеджментінде құрылғандай көрінеді. Сондықтан қысқартуға арналған резервтер бар 

Жүздеген қызметкері бар «Самұрық-Қазына» ондағы артық буын болып тұр. Барлық ұлттық компаниялар қорсыз да тыныш жұмыс істей алады. Сондай-ақ, «ҚазМұнайГаз» орталық аппараты мен «ҚазМұнайГаз Барлау Өндіру» кейбір қызметтері қайталанады. Мұнда қысқартуға себеп көріп тұрған жоқсыз ба?

Қазір көптеген кездесу онлайн өткізіледі. Қызмет көрсетуші персоналдың жартысынан көбінің қажет емес екені анықталды. Оларды қысқартуға болады. Ең бастысы, стратегиялық бағыттарға жауапты адамдар қысқартуға ұшырамауы керек.

Бізде қызметкерлері шамадан тыс көптеген министрлік бар. Оларды біріктіріп, көлемін үлкейтуге де болады.

Олар нақты функциялары бар 25 шағын министрліктер болсын

Құрылыс, көлік және коммуникация салаларының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің ішіне жайылып кеткені дұрыс емес. Онда кімнің және не істеп  жатқанын түсіну оңай шаруа емес.

Өз-өзіне статистика

— Жауапты хатшы лауазымын жоюға қатысты не айтасыз?

— Жақсы идея. Жауапты хатшылар институты енгізілген кезде, олар тұрақты болады деп болжалды. Бірақ  олардың министрлерге қарағанда жиірек өзгергенін көрдік. Егер министр жауапты хатшыны ұнатпаса, оны алмастырудың бір жолын табады. Агенттіктер кезінде де таңқаларлық логикамен сайланды: жауаптыларды президент, ал агенттіктердің төрағалары үкімет тағайындады. Яғни, жауапты хатшының мәртебесі бірінші басшыдан да жоғары болды.

Егер хатшылар аппараттың үздіксіз жұмысын қамтамасыз ете отырып, кем дегенде 5 жыл жұмыс істесе, олардың қызметінде қандай да бір мағына болатын еді

Қазіргі уақытта мұндай ештеңе байқалмайды, сондықтан бұл лауазым өз-өзіне балта шапты.

Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігін құру идеясы өте орынды. Қазақстанда ол 1997-2000 жылдар аралығында болған. Халық арасында оны «Аспирин» деп атады. Стратегиялық жоспарлауға жауапты орган қажет. Басты мәселе — оны кім басқарады. Себебі әкімшіліктің экономикалық блогының басшылығына да, экономика министрлігінің басшылығына да белгілі мәселелер бар.

Мемлекеттік статистика және табиғи монополияларды реттеу комитетін Президентке тікелей бағынуына беруге және реттеуге келсек, мен де  жақында осындай ұсыныс білдірген едім. Монополияға қарсы реттеуші жеке жұмыс істеуі тиіс. Ол Ұлттық Банк пен финнқадағалау жөніндегі агенттіктің үлгісі бойынша тәуелсіз құрылымға айналуы мүмкін.

Статистикаға қатысты да солай. 26 тамызда сарапшылар Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулинмен кездесті.

Статистика Үкіметке бағынбауы керек деген мәселе қызу талқыланды. Атқарушы биліктің сандарды өздеріне икемдеп алатын  әдеті бар,

сол себепті де бізде толыққанды және объективті статистика жоқ. Сондықтан Президенттің идеясы ақылға қонымды. ТЖМ жеке ведомствоға бөлу де солай. Оның жұмыс көлемі үлкен, ал ІІМ-нің қарамағында міндетін тиісті деңгейде орындай алмайды.

Әкімдерді сайлау

— Президент 2021 жылы әкімдердің тікелей сайланатыны туралы мәлімдеді. Бұл туралы Тұңғыш президент те бірнеше рет айтқан. Неге әлі күнге дейін енгізілмеді? Әкімдер лоббиінің қарсылығы ма әлде  бұл тақырыппен ешкімнің айналысқысы келмеді ме?

— Әңгіме ауыл әкімдерін тікелей сайлау туралы болып отыр. 2000 жылдардың басында Қазақстанда Шамалғанда осындай эксперимент жүргізілді (Алматы облысы Қарасай ауданындағы ауыл — ред.) түрлі модельдерді іздеді, бірақ олар ешкімге ұнамады. Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту керек екенін бәрі түсінеді. Бұл туралы 20 жылдан астам уақыт бойы айтылып келеді, бірақ ешқандай қозғалыс жоқ. Әкімдіктер өздеріне жүктелген жұмыстарды атқара алмағандықтан, халық арасында түйіткілді мәселелер қордалана береді.

Биліктің назарынан көбінесе жергілікті проблемалар тыс қалып жатады. Тағы бір мәселе, бұл идея іс жүзінде қалай жүзеге асырылады. Ол үшін заңнамалық базаны дайындау керек. Алайда, кейбір қателер де болуы мүмкін, себебі бұл тәжірибе алғаш рет енгізілгелі тұр.

Қазір олар пропорционалды сайлау жүйесінен мажоритарлыққа көшіру туралы сөйлескенді ұнатады. Бұрынғы тәжірибеден оның аса пайдалы болмағанын бәрі ұмытып кетті. Мәселе модельдің қалай жұмыс істейтіндігінде. Кез келген жақсы идеяны орындау деңгейінде бұзып алуға болады.

Сондай-ақ, президент біраз мәселелеріміз заң жүзінде реттелгенін айтты. Мемлекеттің жедел шешім қабылдауға мүмкіндігі жоқ. Мұндай проблема, әрине, бар. Бірақ басқа да қиындықтарды жоққа шығара алмаймыз.

Үкімет ешкімнің келісімін алмай-ақ бюджетті қалауынша жұмсап, бір бағдарламадан екіншісіне миллиардтаған қаражат аударатынын көреміз

Бюджеттік процесті  бақылау үшін бірқатар мәселе бойынша шамадан тыс заңнамалық реттеуді азайту керек, ал кей жерде керісінше, күшейту керек.

Жалпы Жолдауда көптеген жақсы идеялар бар, әрине кейбір сәттері күрделі және даулы. Бірақ бәрі қайтадан орындалуға келіп тіреледі. Бұл институт құрылғанда жауапты хатшылардың жағдайы қайталанбаса болды. Шешім қабылданғанымен, ешқандай дәйектілік болмады.

Жаңа ескі «Аспирин»

— Қалай ойлайсыз, Жолдау тұңғыш президент қойған бағытқа қайшы келе ме? Тоқаев өз жоспарларын Назарбаевпен талқылады ма немесе бұл оның жеке шешімі ме?

— Егер жауапты хатшылар институты туралы айтатын болсақ, бұл бастама Мәсімовтің үкіметіне тиесілі болса да, тақырып шынымен де Нұрсұлтан Әбішұлынікі болды. Ол көптеген реформаны жүзеге асырды, ал кейбіреулері іс жүзінде жұмыс істемеді.

Мәселе қандай өзгерістердің енгізілуінде емес. Егер шындығына келсек,  «Аспиринді» өз уақытында Нұрсұлтан Назарбаев құрған. Сондықтан бұл тұрғыда ескі тәжірибеге оралдық. Бірақ Аспириннің» тағдыры өте өкінішті болды. Бастапқыда агенттік Президент жанында болды, содан кейін Үкіметке берілді. Ақыр соңында, Аспирин Президент Әкімшілігінің ішінде тыныш және сөзсіз жоғалып кетті.

Кез келген идеяға үнемі көңіл бөліп, кәсіби түрде айналысу керек. Бір нәрсе туралы хабарлап алып, кейін ол туралы ұмытып кету дұрыс емес.

«Аспирин»  «Стратегия-2030» бағдарламасын жүзеге асыру үшін құрылып, Астананың бас экономисі және стратегы Ержан Өтембаевтың басшылығымен жұмыс істеген болатын. Қазір жаңа агенттікті кім басқарады деген мәселе туындап тұр.  Руслан Дәленов немесе Тимур Сүлейменов туралы сөз болуда. Бірақ олар көптеген қателік пен сәтсіздікке әкелген қазіргі бағыттың сәулетшілері. Толық жоспарлауға жауапты орган қажет. Президент бұған, оның ішінде премьер-министрдің тәжірибесінен кейін де келді. «Аспириннің» бірінші нұсқасы 90-жылдардың соңында Тоқаевтың үкіметінде жұмыс істеді. Сондықтан жақын арада кімге ставка қойылатыны  көреміз.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз