АҚШ-та ақтүтек боран мен сарышұнақ аяздан қаза тапқандардың саны 19-ға жетті.
Бұл туралы жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарына сілтеме жасап, Би-би-си хабарлады. Ал бұған дейін көз жұмғандар саны 16 адам деп мәлімденген еді.
Шетелдік БАҚ-та жарияланған дерек бойынша көпшілігі жолдағы көлік апаты мен аязда үсіп, қайтыс болған. Қатты жел мен қардың шамадан тыс жаууы салдарынан солтүстік-шығыста орналасқан штаттардың 100 мыңнан аса тұрғыны жарықсыз қалған. Осы жағдайға байланысты Нью-Йорк губернаторы Эндрю Куомо төтенше жағдай енгізіп, Джон Кеннеди атындағы халықаралық әуежай жұмысын уақытша тоқтатқан болатын.
Айта кетелік, АҚШ-тың басым бөлігінде қыс жылы келеді. Сондықтан америкалықтар қысқа қатты дайындалмайды. Көліктері де жаздық болады.