Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
17
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

АҚШ-та анасына ренжіген қыз Facebook тікелей эфирінде өзін өлтірді

Фэйсбук қолданушылары қыз өзіне қол салмай жатып полицияға хабар берген екен. Алайда, Венанттың нақты мекен-жайын білмегендіктен тәртіп сақшылары біршама уақыт жоғалтқан. Ал, қыз тұрып жатқан үйге келгенде жуыну бөлмесінен оның мәйітін тауыпты.

Кейінірек белгілі болғандай, Найки Венант 2009 жылдан бері өзге отбасында тәрбиеленіп келген екен. Анасы оған зорлық-зомбылық көрсеткендіктен, құқық қорғаушылар баланы уақытша тартып алып, Джинаны емдемек болған. Алайда, әйел оң жолға түспепті. 2015 жылы ол қызынан өз еркімен бас тартқан.

Кішкентай Найки анасының мұндай қадамына қатты ренжіп күйзеліске түскен дейді сыныптастары. «Ол асыранды бала болудан қатты қорқатын» ,— дейді қыздың достарының бірі.

Джина болса полицияға берген жауабында Facebook-ке мүлдем кірмегенін, оның орнына белгісіз біреулердің жазба қалдырғанын айтып отыр. Қорғаушысы Говард Таленфилд те әйелдің сол уақытта мүлдем интернетке кірмегенін дәлелдемекші.

Дереккөзsn.kz

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз