Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
8
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

АҚШ сотты болған Диас Қадырбаевты бермейтін болды

“2015 жылдан бастап АҚШ-тың Әділет министрлігіне Қазақстанның Бас прокуратурасы сотталған Диас Қадырбаевты Отанына өткізіп беру туралы өтінішпен бірнеше рет жүгінді. Алайда жасалған қылмыстың ауырлығына байланысты АҚШ тарапы оны беруден бас тартты.

Ол 6 жылға сотталған, жаза мерзімі 2019 жылы аяқталады.

Бұл мәселе тек Америка тарапының құзыретінде екенін атап өткен жөн”, — деп хабарлады ҚР Бас прокуратурасы Халықаралық ынтымақтастық басқармасының бастығы Ғалымжан Қойгелдиев.

Бас прокуратура Диас Қадырбаевтың қазіргі жағдайынан бейхабар екен. Бір анығы — ол Техас штатындағы “Биг-Спринг” түрмесінде отыр. Мерзімінің бітуіне әлі 2 жыл бар.

Естеріңізге салсақ, қазақстандық қос студент — Диас Қадырбаев пен Азамат Тажияқов 2013 жылы Бостондағы марафон кезінде болған терактіге байланысты айыпталған. Кейін осы жарылысты ағайынды Царнаевтардың ұйымдастырғаны белгілі болды. Азамат пен Диас сол “күдіктілерге тиесілі сөмкені қоқысқа лақтырды” деп күдікке ілінген. Сөйтіп, Қадырбаев 6 жыл, Тажияқов 3,5 жылға сотталған. Азамат Тажияқов былтыр маусымда жазасын толық өтеп, елге оралғанын айта кетейік.

Жалпы, қазір шетелдердегі түрмеде 3 мыңға жуық отандасымыз отыр. АҚШ-тың өзінде 4 жерлесіміз жазасын өтеуде.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз