АҚШ өзінің екі бірдей В-1В бомбылаушы ұшағын Оңтүстік Кореяға жіберді деп хабарлайды Ренхап ақпарат агенттігі.
Ренхап агенттігінің мәліметінше, В-1В және F-15K ұшақтары Оңтүстік Корея әскери әуе күштерімен бірігіп оқу-жаттығу жұмыстарын өткізбек.
АҚШ-тың В-1В бомбылаушы ұшағы өз бортында ядролық зымырандарды алып жүруге қауқарлы.
Оңтүстік Корея саясаттанушыларының айтуынша, АҚШ, Корей түбегіндегі әскери күшін Солтүстік Корея зымыран сынақтарын тоқтатқанда ғана азайтатын болады. Бірақ ресми Пиоңяң (Пхеньян) алдағы уақытта өзінің ядролық әлеуетін арттыратынын мәлімдеген еді.