Нұр-Сұлтан
Қазір
-12
Ертең
-1
USD
488
0.00
EUR
533
0.00
RUB
5.09
0.00

АҚШ Қытайға қарсы «мақта» соғысын дайындап жатыр

233

Өткен аптада СNN Трамптың айналасындағы дереккөзге сілтеме жасап, Қытайға қатысты жаңа санкциялар туралы хабарлады. Атап айтқанда, Қытайдың Шыңжаң провинциясындағы мақтаны пайдаланатын тауарларды АҚШ-та сатуға тыйым салу туралы сөз болды.

Бұл қадам Вашингтонның Пекинді «провинциядағы адам құқығын бұзды» және «мақта плантацияларында құлдық жұмысты пайдаланды» деген айыптауымен байланысты.
Дереккөздің хабарлауынша, тыйым осы аптада салуынуы керек еді, бірақ ондай ешнәрсе болған жоқ.

«Қытай мақтасына міндетті түрде санкция енгізілетін болады. Олардың мерзімі бірнеше күнге кейінге қалдырылды, өйткені президент әкімшілігі бірден кеңейтілген санкция пакетін жарияламақ, қазір оған аздаған түзету енгізілуде, — деп хабарлайды FoxNews Вашингтондағы ресми дереккөзге сілтеме жасап.

Салдары қандай болуы  мүмкін

Алайда, тіпті әлі енгізілмеген санкциялар әлемдік жеңіл өнеркәсіп саласында қатты алаңдаушылық туғызды. Өйткені тыйым салынатын болса ол киім мен басқа да тауарлардың кең спектріне әсер етуі мүмкін. Оның үстіне, әзірге жаңа санкциялардың ауқымының қандай боларын ешкім білмейді.

Олар Қытайдан келген барлық мақта өнімдерін, соның ішінде матаны да қамтуы мүмкін. Сондай-ақ, жетекші компаниялардың, соның ішінде америкалықтардың өндірістік тізбегіне кіретін үшінші елдердің тауарына тыйым салынуы мүмкін. Бұл әлемдік жеңіл өнеркәсіп саласын дағдарысқа ұшыратады.

Триллион кімге бұйырады? Сауда желілері Ұлттық банктен сыйлық алуы мүмкін

Мысалы, Шыңжаң Қытай зауыттарында қолданылатын мақта, тоқыма, мұнай химиясы және басқа да тауарлардың негізгі көзі. Өз кезегінде, киім өндірісінің әлемдік көлемінің шамамен 40%-ы осылармен байланысты.

Сарапшылардың пікірінше, жаңа тыйым салынса  ірі киім брендтері Қытайдан жаппай кете бастайды. Сауда соғысы ұзаққа созылып,  екі держава арасындағы шиеленіс артқандықтан көптеген компания киім жеткізу тізбегін Вьетнам, Бангладеш және Индонезия сияқты елдерге ауыстыруға тырысты. Бірақ көпшілігі сапаның күрт төмендеуіне немесе өндіріс орындары үшін қатаң бәсекелестікке тап болды.

Ал сарапшылардың бір бөлігі АҚШ-тың Қытайға экономикалық қысымы Американың өзіне көбірек зиян тигізеді дейді. Мысалы, АҚШ-тың сыртқы саудасында аспан асты елінен әкелінетін импорт айтарлықтай үлес алады. Яғни, ол ел ішінде өңделіп, америкалықтарды жұмыспен қамтамасыз етеді.

Болжам мен шындық

Сарапшылар Трамптың «максималды қысым» саясатын санкциялармен  тәікелей байланыстырады. Мәселе мынада, бұл құралды оңды-солды пайдаланғандықтан,  әлем одан қорықпайтын болды. Сондай-ақ Трамп ешқашан қалаған нәтижеге қол жеткізе алмады.

Тарихта АҚШ президенттерінің ішінде ешкім санкцияларды Трамп сияқты жиі және орынсыз қолданған емес, — деді Принстон университетінің Халықаралық экономика жөніндегі сарапшысы Дэвид Болдуин VOX-қа берген сұхбатында.

Иран, Солтүстік Корея немесе Венесуэланы алыңыз. Иран басшылығы билікте қалады және АҚШ-пен ядролық бағдарлама бойынша жаңа дипломатиялық пактіні жасауға жақындамады. Солтүстік Кореяның ядролық және зымыран арсеналдары саны жағынан да, сапасы жағынан да өсті. Ал Венесуэла президенті Николас Мадуро әлі күнге дейін елді бақылауды уысынан шығаруды ойлаған да жоқ, — деді Болдуин.

Мұнай бағасы құлдырады: бұл дағдарыс па әлде түзету ме?

АҚШ Ұлттық Қауіпсіздік Кеңесінің бұрынғы қызметкері Фернандо Катцтың айтуынша, Трамптың санкциялары шет елдерге, көшбасшылар мен жеке тұлғаларға қандай да бір экономикалық зиян келтірді. Бірақ олар сонымен бірге бұл елдердегі қаржылық дағдарыстардың тереңдеуіне, сыбайлас жемқорлықтан және коронавирустың өршуінен туындаған мәселелердің ушығуына кінәлі.

«Трамптың негізгі көзқарасы келесідей. Ол санкция арқылы қалаған нәрсеге қол жеткізуге болады деп санайды. Бірақ оларды алып тастау үшін тым көп нәрсені талап етеді — мысалы, Венесуэладағы режимді өзгерту. Немесе Қытаймен қарама-қайшылықта болғандай, қолданудың әлсіздігінен және саясаттың өзгермелілігінің салдарынан санкциялардың күші бәсеңдейді», — деді Катц.

P. S.:

Жалпы, сарапшылар мақта санкцияларының қаупі тек Трамптың сайлау алдындағы пиар-қозғалысы деген пікірмен келіседі. Бірақ ол сайлаушылардың бір бөлігін жоғалтып алуы мүмкін. Әсіресе, ол Қытаймен ынтымақтасатын америкалық тігін фабрикаларында жұмыс істейтін адамдардың алдында абыройын төкті. Бұл шамамен жарты миллион адам.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз