Нұр-Сұлтан
Қазір
-3
Ертең
-14
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

Триллион кімге бұйырады? Сауда желілері Ұлттық банктен сыйлық алуы мүмкін

266
Рахым Ошакбаев. Дереккөзі: toppress.kz

Ақша сауда желілерінің иелеріне кете ме?

2021 жылы инфляция жыл қорытындысы бойынша 4-6% нысаналы дәліздің жоғарғы шекарасына қарай біртіндеп баяулайды, деп 7 қыркүйекте Ұлттық банк хабарлады.

«Инфляциялық процестердің баяулауы 2020 жылы қалыптасқан инфляцияның жоғары базасы мен сыртқы инфляциялық қысымның әлсіздігінен болады. Азық-түлік тауарларына бағаның өсуін қалыпқа келтіру қосымша дезинфляциялық әсер етеді. Сонымен қатар, инфляцияның төмендеуі 2021 жылы ҚР Ұлттық қорынан 1 трлн теңге сомасында нысаналы трансферттің қосымша бөлінуімен тежеледі», —делінген ведомство сайтында.

Алайда реттеуші бұл ақшаға инфляцияны қалай төмендететінін және азық-түлік бағасының өсуін қалай тежейтінін нақтылаған жоқ. Сауда желілері тұрақты бағаның орнына субсидия алған кезде 2019 жылғы тәжірибе пайдаланылады деп болжауға болады. Алайда, бұл шара қалай жұмыс істеді, әлі де тиісті есеп жоқ.

TALAP қолданбалы зерттеулер орталығының директоры Рахым Ошақбаев мемлекеттің бағаны мониторингтейтін сапалы құралдарының болмауы бағаның өсуіне қарсы күрес шараларын тиімсіз етеді деп санайды.

Өмір сүру қымбатттап барады

— Рахым, сіздің ойыңызша, Ұлттық қордан бөлінетін триллион теңге инфляцияның өсуін тоқтатуға қалай көмектеседі? Нарыққа ақша бөліп, салаларға субсидия бере ме?

— Жалпы, бұл жағдайда Ұлттық Банк басшылығының мәлімдемесі біршама парадоксалды көрінеді. Монетарлық саясат қағидаттары тұрғысынан

экономикаға қосымша қаражат «айдау» кез келген жағдайда инфляциялық қысымның өсуіне әкелуі керек

Сонымен бірге біраз уақыттан бері мемлекет кейбір сауда желісін субсидиялай бастады. Олар оның орнына кейбір азық-түлік тауарының бағасының өсуін тежеуге міндетелді. Алайда инфляцияны реттеудің бұл әдісінің тиімділігі үлкен мәселе.

— 2019 жылы Ұлттық экономика министрлігі сауда желілерін субсидиялады. Оның бағаға еш әсер етпегенін көріп отырмыз. Атқарылған жұмыс туралы есеп те жоқ. Бұл жағдайда Ұлттық қордан бөлінген триллион қалай көмектеседі?

— Шын мәнінде, субсидиялар тек 18 әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарының бағасын ұстап тұруды білдірді. Олар тұтыну себетінің бір бөлігін ғана құрайды. Олардың бағасын ұстап тұру тұтыну шығынын бір деңгейде сақтауды білдірмейді.

Екінші жағынан,

кейбір сауда желісіндегі бағаны бақылағанмен, басқа сатушылардың бағасын ұстап тұра алмайды

Бұл ретте мемлекеттік органдарда баға мониторингінің тиімді тетіктері жоқ сияқты. Нәтижесінде біз биылғы жылы барлық тауардың қымбаттағанын көріп отырмыз. Оның ішінде әлеуметтік маңызы бар тауарлар да бар.

Айта кету керек, кейбір тауардың бағасын ұстап тұру үшін бөлінген триллион теңге (бұл қазіргі бағам бойынша 2 млрд доллардан астам) өте жоғары сома болып көрінеді. Қабылданған шаралардың бағаның нақты динамикасына әсер ететіні күмән тудырады. Шындығына келгенде

бұл шаралар инфляцияны ұстап тұруға емес, жеке сауда желілерін қаржыландыруға бағытталған

секілді көрінеді.

Нәтижесінде, кейбір ірі сауда желісі шағын сауда нүктелерімен және тіпті нарықтағы сатушылармен салыстырғанда айтарлықтай бәсекелестік артықшылықтарға ие болады.

Төмендетілген инфляция

— Соңғы 12 айда азық-түлік бағасы 10,8%-ға өсті. Бұл тіпті орташа мән. Мемлекет әр өңірде қуатты миллиардтаған қаржыландыруы бар әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларға қолдау білдіреді. Неліктен баға жоғарылаған кезде олар тауар интервенциясын жасамайды? Олардың тарапынан қандай да бір әрекеттің жасалғанын көрмедік. Есесіне, тамаша Ұлттық Қордың ақшасын шашып жатырмыз.

— Бұл корпорацияларды құрудың негізгі мақсаты — бизнес-бастамаларды қолдау және өңірдегі экономикалық белсенділікті ынталандыру. Бағаны ұстап тұру негізгі емес, қосымша функция. Бұл ретте ӘКК-нің өзінде баға мониторингінің пәрменді тетіктері жоқ.

Ал олар жүргізетін «тауар интервенциялары» мен ірі сауда кәсіпорындарын қаржыландыру процестері соңына дейін ашық емес

Осыған байланысты ӘКК-ні инфляциялық процестерге ықпал етудің тиімді құралы ретінде қарау орынды емес.

— Мемлекет  не себепті инфляцияның белгіленген дәлізден жоғары өсуіне жол беріп, қателікке бой алдырды? Бүгінгі күні оның ұлттық қордың ақшасынан басқа инфляцияның одан әрі өсуіне жол бермеу құралдары бар ма?

— Ағымдағы жылы инфляциялық үдерістердің жеделдеуі көбінесе объективті факторлар жиынтығына байланысты болды. Мұнда карантин де, теңгенің әлсіреуі де бар. Сонымен бірге, Статистика комитеті есептейтін инфляция көрсеткіштерінің барабарлығына объективті күмән бар.

Мысалы,

Ұлттық Банктің сауалнамаларына қатысушылардың көпшілігі инфляцияның ресми көрсеткіштерін төмендетілген деп санайды

Сонымен бірге Қазақстанда бағаның өсу серпіні көп жағдайда монетарлық емес факторларға және тауар нарықтарының қалыптасқан құрылымына байланысты. Өкінішке орай, монетарлық емес факторлардың Қазақстандағы инфляциялық процестерге және баға белгілеуге әсері әлі күнге дейін тиісті түрде зерттелмеген. Бұл бағаның өсуін шектеу жөніндегі шараларды әзірлеу кезінде белгілі бір қиындықтар туғызады.

Мысалы, барлық сауда нүктесінде көптеген делдалдың бағаны көтеруге қосқан үлесі толық анық емес. Мұнда қарапайым шешімдер болуы мүмкін емес. Мемлекет бағаның өсуін тежеуге үшін инфляциялық процестерге тікелей және жанама ықпал ету шараларын үйлестіретін жүйелі саясат жүргізуі тиіс.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз