Нұр-Сұлтан
Қазір
-3
Ертең
-14
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

Мұнай бағасы құлдырады: бұл дағдарыс па әлде түзету ме?

111

Жаздың екінші жартысы мұнай нарығы үшін салыстырмалы түрде бірқалыпты болды. Brent бағасы барреліне 40-45 доллар шамасында болды. ОПЕК+ келісімі  сақталып, әлем елдерінде карантиндік шектеулердің біртіндеп жеңілдетілуіне байланысты шикізатқа сұраныс артты. Алайда күз келді. Маусымның аяғынан бастап алғаш рет Brent 40 доллардан төмен түсті.

Саудиттер нарықты құлдыратты

Төмендеу 7 қыркүйекте басталды. Сауд Арабиясының мемлекеттік компаниясы Saudi Agamso қазан айына арналған баға тізімін ұсынды. Оған сәйкес, әмірліктер барлық бағыт бойынша сату бағасын төмендетті.

  •  Азиялық клиенттерге көбірек жеңілдік жасалады. Сауд Арабиясының барлық сұрыптың бағасы арзандатылды. Жеңілдік мөлшері сұрыпына байланысты бір баррель үшін 1,2-1,5 долларды құрайды.
  • Saudi Aramco сәуірден бастап алғаш рет  америкалықтарға айтарлықтай жеңілдік ұсынады. Arab Extra Light 70 центке, Arab Light 60 — қа, Arab Medium және Arab Heavy 50-ге арзандайды.

Саудиттер Ресей жеткізушілермен бәсекелесетін Еуропа нарығында ресейлік Urals-қа жақын сорттарға жеңілдіктер дайындады.

Жеңілдік не үшін керек?

Сарапшылардың пікірінше, СА-ның бағаны төмендетуі— бұл ірі мұнай экспорттаушының сұраныстың азайғанын мойындағанын көрсететін сигнал. Еуропа мен АҚШ-та біртіндеп экономикалық белсенділік қалпына келсе де, «қара алтынның» ірі сатып алушысы Қытай импортты қысқартады.

Күзде картоп тапшы болады. Бұл АШМ-нің көктемгі жұмысының нәтижесі — сарапшы

Жергілікті кеденнің мәліметінше, тамыз айында мұнай сатып алу шілде айымен салыстырғанда 7,2%-ға төмендеп, күніне 11,2 млн баррельді құрады. Мұның себебі түсінікті және нарық үшін жаңа емес, Қытай көктемде мұнай бағасы әлдеқайда төмен болған кезде қоймаларын толтырып алды.

Басқа нарықтардағы жағдай біршама жақсы.

Нарықтың жай-күйі туралы соңғы баяндамада Халықаралық энергетикалық агенттік (ХЭА) әлемдік сұраныстың болжамын төмендетті. Жаңа бағалаулар бойынша,

2020 жылы әлемге бір жыл бұрынғыға қарағанда күніне 8,1 миллион баррель азырақ қажет болады

Энергия нарығының қауіпсіздік жөніндегі директоры МЭА Кейсуки Садамори мұнайға деген сұраныстың қалпына келуі іс жүзінде тоқтағанын айтты.

«Қорлар толмаса, азайған жоқ. Біз МӨЗ белсенділігінің қалпына келетінін көріп отырған жоқпыз, авиаотын үлкен проблема болып қала береді», —деді ол.

Пандемия әлі де өзекті, әлемде коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың саны артуда. Сарапшылардың көбі екінші толқын кезінде мұнай саласы үлкен зардап шегеді деген пікір білдірді. Сондықтан экспорттаушыларға қазір келісімшарт жасасу тиімді.

Нарықтағы оптимизм

8 қыркүйекте Brent құны бір күнде 5%-ға арзандады. Солтүстік Американың WTI-дің құны  7%-ға арзандады. Азиялық компаниялардың жеңілдік жасалса да Сауд мұнайын сатып ала алмауы әсер етті.

Bloomberg мәліметтері бойынша, сатып алуға 10 азиялық мұнай өңдеу компанияларының 6-ы қарсы болды. Бұл тек сарапшылардың өңірдегі жағдай короновирусқа дейінгі деңгейден алыс деген пікірін күшейте түсті.

Сонымен қатар, доллардың нығаюы, сондай-ақ АҚШ-тың қор нарықтарының құлдырауы да мұнайға әсер етті.

Алайда нарықта оптимистер де бар. Julius Baer сарапшыларының пікірінше, мұнай бағасының құлдырауы ұзаққа созылмайды деп жазады РБК. Сұраныс біртіндеп қалпына келеді, нарықтағы ұсыныс шектеулі болып қалады, ал мұнай қорының артық болуы біртіндеп төмендейді. Бұл шикізат бағаларын қалыпты, бірақ тұрақты қолдау жасайды.

«Біз сындарлы көзқарасты ұстанамыз және ағымдағы жылы мұнай бағасы барреліне 45 доллардан асады деп күтеміз», — деді JB сарапшысы Норберт Рюкер.

Оның пікірінше, мұнай нарығы қалыпқа келуі керек. Келесі жылдың басында ұсыныстың артықтығы болмайды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз