Көктемде Түркістан облысында фермерлер алқаптарында қырыққабат тонналап шірігеннен кейін, Павлодар облысының аграршылары картопты көп себпеу туралы шешім қабылдады.
— Кирилл, Ауыл шаруашылығы министрлігі 2021 жылдың мамырына қарай АӨК дамыту жөніндегі ұлттық жобаны ұсынуға дайын екенін хабарлады. Тіпті жұмыс тобын құрды. Бұның салаға көмектесетініне сенесіз бе?
— Мен әзірге құрылған жұмыс тобына салалық сарапшылар кірмегенін ғана білемін. Ауыл шаруашылығы өндірушілерінің салалық бірлестіктерімен мұндай талқылау өткізген жоқ. Кейбір барлығына бірдей жария қылмайтын құпия нәрселер талқылануы мүмкін. Яғни, әдеттегідей, саланың дамуы одан бөлек талқыланады.
— Жұмыс тобы жер ресурстарының қолжетімділігін арттыру және қаржыландыру, агрономияны дамыту, ветеринариялық және фитосанитариялық қауіпсіздік, сондай-ақ шикізат есебінен ғана емес, сонымен қатар оны қайта өңдеу өнімдері есебінен де экспорттық әлеуетті ұлғайту мәселесі бойынша ұсыныстар әзірлейтін болады. Бұның бәрі 20 жылдан бері айтып келе жатқан нәрсе.
— Өнімнің кейбір санаттары бойынша терең өңдеудің болмауы объективті себептермен түсіндіріледі. Мысалы,
біздің қымбат еттен жасалған шұжықтың бір килограммы 4 мың теңге тұрады, әрі бұл ең арзаны
Оның жартысын тауық етімен алмастырады. Мұндай өнімді кім сатып алады? Бізде жоғары органикалық заттарды тұтыну мәдениеті жоқ.
Басқа бір мысал. Сақтау және қайта өңдеу тұрғысынан оңтүстік аймақты көкөністердің негізгі өндірушісі ретінде қарастырған кезде, егіннің көп бөлігі тез бұзылатын және сирек өңделетінін ескермейді.
Барлығы шешім қабылдайтын адамдардың құзыреттілігі аз екенін көрсетеді
Жақында белгілі саясаткер Ермұхамет Ертісбаев атап өткендей, бұл заң мен бағдарламаны дайындағандардың кәсіпқойлығының төмендігінен болып отыр.
Неліктен көктемде қырыққабатқа қатысты жағдай туындады, тауардың мөлшерден тыс көп болғанына қарамастын министрлік оны экспорттауға тыйым салды? Өйткені
шенеуніктердің қолында өндіріс көлемі туралы нақты деректері жоқ. Олардың қайсысы жер-жерді аралап, өндірушілермен байланыста болды?
Егер олар осындай шаруа атқарса, Қазақстанда ауыл шаруашылығының құрылымын білер еді. Демек, олардың басында, қағазда және электронды мәліметтер базасындағы ақпарат қате. Неліктен олар нақты деректері бар адамдармен кездеспейді, мен осы түсіне алмаймын.
— Жаңа ұлттық жоба аясында ауыл шаруашылығына жарамды жер көлемін ұлғайту туралы шешім қабылданды. Бізде мұндай жерлердің жетіспеушілігі бар ма?
— Жоқ, әрине. Бірақ қолда бар ферманы ретке келтіруден гөрі, біздікілер біреудің қолындағысын жұлып алып, нөлден бастағанды оңайырақ көреді.
Бұл оқиға саяси қақтығысқа ұласуы мүмкін. Бұл жерлер қарапайым адамдарға тиесілі емес екенін бәрі жақсы түсінеді
— Яғни, мемлекет латифундистерді кәмпескелеуді ұйғарды ма?
— Солай сияқты. Бірақ оның болу болмауын сеніммен айта алмаймын.
— Биылғы жылы өнімділікпен не болды? Көктемде біз кейбір болжамдар жасадық, олар көңіл қуантарлық емес еді. Болжамдар орындалды ма?
— Елде картопқа қатысты күрделі проблемалар болады. Сондықтан Ауыл шаруашылығы министрлігінің есептеріне сенуге негіз жоқ. Павлодар облысындағы біздің картоп қоймасында егіс науқаны басталған кезде төтенше жағдай режимі мен карантин енгізілді. Қырыққабат өндірушілерінің жағдайын көрген шаруалар алдын-ала сақтануға шешім қабылдады.
Мен бірнеше ірі шаруашылықтармен байланыста болдым. Бір жыл бұрын 12 мың тонна картоп сатуға қойылған олардың бірі биыл тек 1 мың тонна сатады
Көлемі 12 есе аз. Жылдың өнімсіз болғанынан емес, министрліктің қырыққабатқа қатысты шешімін көріп, шығынға ұшырағысы келмегендіктен осылай болды. Кімнің өз еңбегінің жемісін 10-15 теңгеден, яғни іс жүзінде тегін сатқысы келеді?
– Жобада тағы да бизнесті дамытуға қолайлы перспективалы және тартымды ауылдар туралы сөз болды. Жеке тұрғын үй құрылысын дамытуды ынталандыру үшін 40 мың жер учаскесіне коммуникация жүргізу ұсынылады.
– Тағы да барлығын шатастырдық. Ауыл шаруашылығы мен ауыл өмірі үйлесімді болса да, бұл мүлдем басқа нәрсе. Ауыл шаруашылығында тәртіп орната алмаған ведомствоның ауыл өміріне кіруіне болмайды.
Олар ауылды дамыту мәселелерін шеше алатын «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасын сәтсіз аяқтады
Адамдарды өте депрессиялық және экономикалық сәтсіз аудандардан перспективалы аудандарға шоғырландыру тапсырмасы да нақты еді. Нәтижесінде, үлкен ақша дамыған аудандарға бөлініп, тұрмысы төмен ауылдардың мәселесі сол күйінде шешімін таппады.
«Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасында ешкім назар аудармаған тамаша және бірегей құраушы — идеология болды. Біз халықтың ауылдарға оралуын, ауыл халқының қалаларға кетуін азайтуды және ауылдық бизнестің дамуын қалаймыз ба? Егер бағдарлама керісінше болса, бұған қалай қол жеткізуге болады? Шенеуніктер адамдар дұға етсе, Алла Тағала оларды шынайы жолға бағыттайды, сосын мәселе өз-өзінен шешіледі деп үміттенген шығар. Енді бұл үшін тендер ойнату ғана қалды.
Сондықтан салаға деген көзқарас өзгермейінше, қандай да бір жақсы жаңалықтар болады дегенге сене алмаймын.