Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
8
USD
443
0.00
EUR
475
0.00
RUB
4.74
0.00

АҚШ Қырғызстанға ультиматум қойды. Қырғыздар неліктен Қазақстанға шағым жасады?

995
Сурет: elgezit.kg

АҚШ-тың қара тізімі

Америка Құрама Штаттары Қырғызстан азаматтарына қатысты визалық шектеу қоюуы мүмкін деген ақпарат 31 қаңтарда расталды. Америка ресми түрде қырғыз иммигранттарының виза және грин-картамен кіруіне шектеу қойды.

Қырғызстандағы АҚШ елшісі  Дональд Лу Штат

«қырғыз төлқұжаттарының беделіне және оның берілуіне қатысты алаңдап отырғаннан»

осындай қадамға баруға мәжбүр болды деп мәлімдеді.

«Біз қырғыз төлқұжаттарының қорғаныс деңгейін жақсарту және терроризмге қатысты үкіметтеріміздің арасында қосымша ақпарат алмасуға қатысты келіссөздер жүргіздік. Біздің шешіміміз Қырғызстанның осындай маңызды қадамдарды жүзеге асыруын жеделдетуіне ықпал ететді деп сенеміз», — деп хабырлады елші.

Бұған Қырғызстанның сыртқы істер министрлігі бірден жауап қатты.

«Біз АҚШ әкімшілігі қабылдаған шешімге қатысты өкініш білдіріп, осы арқылы қырғыз-америка қарым-қатынасына нұқсан келді деп есептейміз».

СІМ биометрикалық жол құжаттарының не себептен енгізілмегенін америкалық тарап біледі. Белгілі бір себептерге қатысты келісілген мезімнен кешігіп, ұзақ уақытты алып отыр деді.

«Қырғызстан Республикасы халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз ету процестеріне белсенді қатысады. Сондай-ақ терроризммен күреске де өз үлесін қосты. Қазірге дейін биометрикалық төлқұжат енгізілмеген 80 елдің ішінде бірнеше мемлекетке ғана шектеу қойылған», — дейді СІМ.

Қырғызстаннан басқа, Мьянма, Нигерия, судан, Эритрей және Танзанияға осындай шектеу қойылған.

Инвесторлар кетсін!

Нарын облысындағы  «Ат-Баши» индустриялық сауда-логистикалық орталығының құрылысы тоқтатылды.  Жергілікті халық пен қоғам өкілдері бірнеше рет  митингіге шыққан соң құрылыс туралы келісімнің күшін жойды. Мұндай наразылықтың бірнеше себебі бар еді. Негізгісі –

халықтың билікке мүлдем сенім білдірмеуі

Шекаралық аумақтағы «Ат-Баши» қырғыз-қытай еркін экономикалық аумағы» нысанының құрылтайшылары – қытайлық инвестор Лю Ин және қырғыз кәсіпкері Эмилбек Абдыкадыров. Қырғыз кәсіпкерінің айтуынша, олар  хаб құрылысына $280 млн қаржы салмақшы болған.

Алайда жергілікті халық бұл идеяны қолдамады. Олар

логистикалық орталық салынатын жер Қытайға сатылды, яғни аспан асты елінен жұмысшылар ағылады

деген болдам жасады.

Жиналғандардан ешкім үкіметтің позициясын тыңдамады. 24 ақпан күні жоба өз жұмысын тоқтатты.

Қырғыстан үкіметі 45 млн сом көлеміндегі қаржыны қайтаруға дайындалып жатыр. Бұл қаржыны инвестор жоспарланған құрлыстың кесірінен ауыл және орман шаруашылығы өнімдерінің шығынын өтеу үшін бөлген еді.

ДСҰ төрелік айтады

ДСҰ-ның сауда үрдістерін жеңілдеті бойынша комитеті Қырғызстаннан Қазақстанға жіберілетін транзиттік тауарларға шектеу қоюына байланысты қырғыздардың өтінішін қарастырды. Нақты айтқанда Қазақстанның өткен жылдың наурыз айынан бастап шекарада тексеруді күшейтуі туралы болды. Нәтижесінде транзиттік жүктерді ұстау проблемасы туындады. Сондай-ақ Қырғызстан жағдайды реттеу туралы Қазақстан үкіметіне жолданған өтініштер ешқандай әсер бермегенін мәлімдеп, бұндай сауда кедергілері ДСҰ қағидаларына қарама-қарсы келетінін алға тарты.

«Қазақстан Республикасының әрекеттері Қырғызстанның басқа елдермен сауда-саттық қатынастарына зиян келтіруде», —деп атап өтті Қырғызстан Республикасының Экономика министрлігі.

Өз кезегінде Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымына біз де өтініш жолдаймыз деп сес көрсетті.

«Біз Қырғызстанның Қазақстанның үстінен жасаған шағымына таңқалдық. Біз де ДСҰ Қырғыстанның ұлттық заңнамасындағы сәйкессіздік туралы бірнеше өтініш дайындаудамыз. Олардың шағымы негізсіз», — деп мәлімдеді ҚР Сауда және интеграция вице-министрі Жанел Күшікова.

Бұл қырғыздардың ДСҰ жолдаған бірінші өтініші емес. 2017 жылдың қазақ айында Қырғызстан үкіметі қырғыз-қазақ шекарасындағы жаңдайға байланысты алаңдап отырғанын білдіріп, шағымданған еді.

Министрлер кабинетінің пікірінше, Қазақстан  тарифтер мен сауда бойынша келісімнің «негізгі»  нормаларын бұзды. Ал Қазақстанның  енгізген қосымша бақылау шараларының кесірінен Қырғызстан азаматтары шекарадан өткенде көптеген кедергіге тап болады.

Екі елдің  шекарасындағы жағдай экс-президент Алмазбек Атамбаевтың пікірінен кейін, 2017 жылы 10 қазанда  ушығып кеткен еді. Жағдай тек қарашаның соңында ғана реттелген болатын.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз