Халықаралық ғарыш стансасының (ХҒС) экипажы Crew Dragon жекеменшік кемесіне түйіскен шлюзінің есігін ашты.
«Бұл миссияны бүкіл әлем көрді, біз еліміз үшін жасаған еңбегімізбен мақтанамыз. Бүкіл әлем шабыт алды деп ойлаймыз», —деді NASA директор Джим Брайденстайн.
Кеменің ХҒС-ға 31 мамыр күні, Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 20:17-де қонды. Ғарышқа америкалық астронавтар Даг Херли мен Боб Бенкен ұшқан еді. Олар стансада бірнеше ай болады. Сол уақыттың ішінде олардың қайығы қонған жерінде тұрады.
Crew Dragon 30 мамыр күні Флоридадағы Канаверал мүйісінен ұшты. Бұл 2016 жылдан бері АҚШ территориясындағы ғарыш айлағынан ұшырылған алғашқы басқарылатын кеме. Оны орбитаға тасымалдағыш ұшақ Falcon 9 шығарды. Бұдан кейін Ресейлік ғарыш америкалық техиникамен ресей ғарышкерлерін халықаралық ғарыш стансасына жеткізу үшін келісөздер жүргізе бастады.
Бастапқыда 27 мамырда ұшады деп жоспарланған еді, алайда ғарыш айлағындағы қалың тұманның кесірінен ұшу уақытын өзгертті.
Қазір америкалықтар жеңісті тойлауда. Ал әлеуметтік желілерде осыған қатысты мемдер пайда болды.