Нұр-Сұлтан
Қазір
0
Ертең
8
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Ақмола облысында үсіп қалған электрикке қатысты істің мән-жайы белгілі болды

Артынша ер адамның РЭС-те электрик болып жұмыс істегені анықталды.

Ер адам 2018 жылдың 11-қаңтарында таңғы сағат 08:00-дер шамасында үйінен шығып қайтып оралмаған. Алайда бірер сағат өткен соң, оның жансыз денесі табылды.

Жүргізілген тексеру кезінде оның денесінде күш қолданудың белгілері байқалмады. Есесіне 2013 жəне 2015 жылдары екі рет инсульт алғаны анықталды. Сондай-ақ, ол ІІІ-топтағы мүгедек екен.

Сот-медициналық сараптаманың қорытындысы бойынша анықталғандай, ер адам суықта үсіп қалған. Ал туыстарының арызы бойынша ер адамды қатты боран болып тұрғанда жұмысқа шақырған көрінеді.

Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері осыған байланысты тексеріс жүргізіп жатыр.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз