Нұр-Сұлтан
Қазір
5
Ертең
4
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Ақмола облысында бұршақтан зардап шеккендердің шығыны өтелмек

Қазіргі кезде табиғат апаттан зардап шеккен тұрғындардың арызы қабылданып жатыр. Ал

бүгін, яғни 4 маусым күні Бурабай аудандық Төтенше жағдайлар жөніндегі комиссияның кезектен тыс отырысы өтеді. Онда төтенше жағдайдың салдарынан келген шығынды өтеу мәселесі қаралмақ.

Еске сала кетейік, 30-маусымда Бурабай ауданының аумағында көлемі 20 жəне 30 миллиметрлік бұршақ жауды. Табиғаттың тосын мінезінен Щучинск қаласының солтүстік-шығыс бөлігіндегі тұрғын үйлер қатты зардап шекті.

Ақмола облыстық төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, бұршақ жауатыны алдын ала хабарланған, бірақ оның қатты жауатынын ешкім болжамаған.

Бұршақтан зардап шеккен 8 адам (4 балалар) дəрігерлердің көмегіне жүгінді.

Оның ішінде 1962 жылғы əйел ауруханаға жатқызылса, қалғандары алғашқы медициналық көмек көрсетілген соң үйлеріне жіберілді. Осы күні Бурабай аудандық төтенше жағдайлар бөліміне үйлерінің шатыры, терезесі жəне автокөліктері бүлінгені жөнінде 4 адамнан арыз түскен.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз