Нұр-Сұлтан
Қазір
-1
Ертең
5
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Ақмола облысында бес жасар баланың мәйіті септиктен табылды

Оқиға орнына жедел тергеу тобы барып, 3 сәуірде сағат 14.30-дар шамасында баланың үйден ойнауға сыртқа шығып кеткенін анықтаған. Шамамен сағат 21:40-та Атамекен көшесінің бойында қазылған септикті тексеру барысында баланың мәйіті табылған. Аузы жабық болмаған жуынды төгетін шұңқыр осы ауылдың тұрғынына тиесілі. Үй иесі септикті қолданбаған, бірақ оның ішіне шамамен екі метр тереңдікке еріген су жиналған.

“Алдын ала болжам бойынша, кішкентай бала септик маңында ойнап отырып, абайсызда шұңқырға құлап кеткен. Баланың денесі сот-медициналық сараптама жүргізуге жіберілді”, – дейді ІІД өкілі.

Осы іс бойынша тексеру жұмыстары жүріп жатыр. Ата-анасының баласына тәрбие беру бойынша міндеттерін орындамауы қарастырылып жатыр.  Қазіргі уақытта әкімдіктің сәулет бөлімі осы септикке байланысты тексеру жүргізіп жатыр.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз