Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
0
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

“Ақботаға обал…”. Танымал актриса Дәурен Айдарқұловтың ашынасы болғысы келетінін ашық айтты

300

 

https://kaz.365info.kz/ysh-balasy-she-zhana-otau-khyrgan-dauren-ajdarkhylov-zheke-omiri-zhajynda-ajtty-257881

Актер аталған фильмде сүйікті жарының көзіне шөп салған отағасы рөлін ойнайды.

«Дәуреннің әйелі болғың келеді. Дәуреннің ашынасы да болғың келеді. Білмеймін өзі, тек қарай бергің келеді. Көре бергің келеді оған. Дәурен аса тартымды», – дейді Айнұр Ілиясова.

Еске сала кетсек, бұдан бұрын фильмнің режиссері басқа әйелге аңсары ауып, келіншегінің көзіне шөп салған кейіпкер ретінде Дәуренді арнайы таңдап алғанын айтқан болатын.

https://kaz.365info.kz/dauren-ajdarkhylov-akhbotamen-ajyrylysuyna-khatysty-pikir-bildirdi-281563

Ал Дәурен Айдарқұлов бұдан бұрын бір әйелмен ажырасқан, артынша Кешью тобының жұлдызы Ақбота Сейітмағамбетпен шаңырақ көтеріп, онымен де сыйыспаған еді. 

 

Картинки по запросу даурен айдаркулов

Оқырмандарының сауалына жауап берген Ақбота: «Дәуренді бұрынғы отбасына өзім жібердім» деп бір қойып қалса, Дәуренге қатысты тағы бір сауалға: «“Гламур для дур” фильмі сәбиімнің көрер жарығы болған шығар және Дәуреннің ісіне араласпаймын, өзі білсін” деп жауап қатқан болатын.

Дәуреннің алғашқы некесінен үш баласы бар. Соған қарамай ол Ақбота үшін отбасынан кетіп тынады. Ал Дәуреннің бұрынғы әйелі Баян Әкімжанова күйеуін «Кешьюдің» әншісіне бере салмайтынын айтып, әрі Ақботаның Дәуренді тартып алғанын желіге жайып салған тұғын.

Желідегі жұрт та Ақботаға қарата: «Біреудің отбасын бұзып, үш баласын жалғыз қалдырып бақытты боламын деп ойлама!» деген сыңайда пікір қалдырған.

Ал бұл жолы не дер екен? Айнұр Ілиясова қандай сынға қалады? 

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз