Нұр-Сұлтан
Қазір
-10
Ертең
5
USD
490
+1.25
EUR
534
+3.36
RUB
4.99
-0.02

Ақбота Керімбекова Ләззат Танысбайға үндеу жолдады

Қазір қоғамда төл арналарымыздың осы тектес музыкалық жобаларына сын көп. «Тұрқы жоқ әнші, сұрқы жоқ сөз, ұлты жоқ ән қаптады» деп өкпелейді халық. 30 жылға жуық Қазақтың ғана әнін айтып, сахнада жүрген әншілерді осылай «послать» ете берсе, ән өнеріне қызмет етуге кімде құлық болады дейсіз?

Жеке өзіме бұл жоба түк те қызық емес, тек, «мен болмасам, кім? Өз авторларымның туындылары халыққа жете берсін. Жасымды, жолымды пұлдап мен қатыспасам, менің орныма шөпті де, шөңгені де өлең ғып жүрген біреу табылады ғой» деген оймен шақыруларына келісім бергем. Бұған дейін бұл жобадан, бұл продюссерлік құрамнан бір тиын гонорар да алып көрмегем. Өзге елден келетін «әйдік» әншілердей райдер де қоймаймыз. Қарапайым күтіп алу әдебін сақтаса, менің бұларда нем бар? Сонысымен қоймай, анадай сөз айтады!.. Бұл кім сонда?! Сосын, байқаймын, осындай ақшалы жобаларды тек осы Динара Адам ұтып алады. Бұған дейін не ұлттық арнаға, не ұлтқа берері бар жобасы болмаса да!.. Бұл күмән тудырмай ма? Жалпы, телеарна жариялайтын тендерді ұтып алудың ресми, бейресми жолдары қандай? Бұл жобаға қанша бөлінді, одан қатысушыларға қаламақы, дұрыс жатын орын қаралмаса, онда, мемлекет қаржысы қайда кетіп жатыр?

Қазақы әншілерді «мамбет» санайтын, Қазақ руханиятына қосқан титімдей үлесі жоқ Динара Адамға бар жобаны ұтып ала беретін күш қайдан, қалай біткен, осыған дейінгі атқарған жұмыстарының есебі қандай деген сауалдар да мені ойландыра бастады. Сосын, ең ұлы режиссерлерді дайындайтын Кельндегі университетте профессор болған Болат Атабаевтың туған жерінде ұлттық арнаның бір музыкалық жобасын жасай алатын режиссер жоқтай, осы Динараның шешімімен Ресейден, Украинадан, т.б. шет елден режиссерлердің келіп, халықтың бәленбай ақшасын қалтасына басып, біздің өнерге жасап жүрген «қызметін» қай деңгейде бағалауға болады деген сұрақ та менің көкейімде тұр. «Спортымызды легионерлер құлдыратты» деп зар қақсап жатырмыз, ал теледидарымызды ше? Осы ретте, мен, көп әртістің «аузының ұшында» жүрген сауалды, осы өз үндеуімді Ұлттық арнаның басқарма төрайымы Ләззат Танысбайға тікелей жолдағым келеді. Қаржылық бөліністер мен оның орынды, тиімді жұмсалуы бойынша тексеруші органдарға да осы үнім жетсе деймін! Құрметпен, Ақбота Керімбекова», – деді ол видеоүндеуінде.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз