АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей президенті Владимир Путинмен маусым айының басында Германияда “Үлкен жиырмалық” саммитінде кездеседі. Бейсенбі күні Ақ үй өкілі осылай деп хабарлады.
АҚШ президентінің ұлттық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі кеңесшісі Герберт Макмастердің мәлімдеуінше, екі президент талқылауы мүмкін мәселелер әлі анықталған жоқ.
Сәрсенбі, 28 маусымда бұл кездесу туралы Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров мәлімдеді. Ол Ресей мен АҚШ-тың әлемдік маңызды мәселелерді бірлесіп шешуіне “Вашингтондағы русофобия” кедергі келтіріп отыр деді.