Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
0
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

“Әкесі кінәлі”. Азаппен өлтірілген 11 жасар Өркеннің анасы бар шындықты айтты (фото)

122

Бұдан соң “жарым өгей баласын қалай қабылдар екен” деп уайымдай бастадым. Бірақ, барлығы ойдағыдай болды.  Жолдасым Өркенді жатырқаған жоқ. Бірден қабылдады. Ұлым оны әке деп те атайтын.

Бұл уақытта менің аяғым ауыр еді. Алайда жағдайымыз болмады. Қаладан қалаға жиі көшіп жүрдік. Өркеннің оқу мәселесі қиындап кетті. Осы кезде Өркеннің әжесінен көмек сұрадым. Әжесімен тілдесіп, кездесіп тұратын. Мен бір жұмыс тапқанша Өркен әжесінің қолында болады деп шештік. Шынымды айтайын ұлым жақын адамдардың қолында болғандықтан уайымдағам жоқ.

Демалыс сайын келіп тұратын. Әрине, баламды сағынамын. Қай ана баласынан жырақта өмір сүре алады дейсіз… Бірақ, амал қайсы. Жағдайымыз түзелгенше күте тұруын әрқашан айтып отыратынмын. Ақыры бұл сәтте келді. Тек мектептегі демалыстарының басталуын күтіп жүргенбіз.

Соңғы рет жаңа жылдық демалыста келді. “Сәл шыдашы. Көктем шықсын, үйімізді салып бітірейік. Сені біржола алып кетемін”, – дедім.

Сол кезде Өркенімді соңғы рет құшақтаппын. Ал ұлымның әкесі ше? Өз перзентіне қорған болудың орнына өліміне себепші болды. Балам әкесінің жүрісінің құрбанына айналды.  Әкесімен араласып тұруы маңызды деп ойлаушы едім.

Білерім, бұл қылмысты ақтауға болмайды. Себебі, мен ұлыммен бірге өлдім. Өркенімді азаптап өлтіргендер лайықты жазасын алуы тиіс!

Ал маған өмірімнің соңына дейін тыныштық болмайды енді. Мен өз жазамды алдым. Бейқамдығым үшін ұлымнан айырылдым. Ата-аналарға айтарым: “Балаңыздың әр күнін бақытқа бөлеңіз” – деп жазыпты Өркеннің анасы.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз