Нұр-Сұлтан
Қазір
21
Ертең
18
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

“Әкесі біледі екен…”. Асылып өлген полицейге қатысты жаңа дерек шықты (видео)

144

ОҚО ІІД баспасөз қызметі бұл іске қатысты жаңа деректің шыққанын мәлімдеді.

Ордабасы ауданында қызмет еткен марқұм полицей әріптестерімен бірге жалдамалы пәтерде тұрған. Қызмет барысында теріс қылығымен көзге түскен. Полиция бөлімінде тәртіп бұзушылыққа бейім қызметкер ретінде есепте тұрған.

 

https://kaz.365info.kz/telefondy-khara-ontystikte-asylyp-olgen-politsej-khandaj-shyndykhty-ajtyp-ketti-video-316222

Өзіне қол жұмсардан алдында, яғни, 14 мамырда полицей жиналысқа мас күйінде келген. Басшылық тарапынан берілген тапсырмаға сәйкес ол облыстық наркологиялық диспансерден тексеруден өтіп, қорытындыға сәйкес қанында алкогольдің бар екені расталыпты.

Басшылық тарап полицейдің қызмет барысындағы өрескел әрекетін оның әкесіне хабарлаған да екен.

Айта кетейік, қайғылы жағдайға байланысты тергеу жұмыстары басталып, экспертиза тағайындалған. Қазіргі таңда ОҚО ІІД Өзіндік қауіпсіздік басқармасы тарапынан Ордабасы аудандық Жергілікті полиция қызметінің қызметкерлеріне қатысты қызметтік тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз