Нұр-Сұлтан
Қазір
5
Ертең
9
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Айыппұлдар неге сыбайлас жемқорлықты жеңе алмайды?

101

Жақында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Олжас Бектенов атап өткендей, айыппұл мөлшері 10 еседен 20 есеге дейін ұлғайтылды.

Егер шенеунік пара ретінде 100 мың теңге алса, жаңа талаптарға сәйкес сот шешімі бойынша оған 2 млн теңге айыппұл тағайындалады.

Сондай-ақ, парақорлықтағы делдалдар үшін айыппұлдың еселік шегі екі есе өсті.

Саясаттанушы, қазіргі заманғы мемлекеттік даму институтының директоры Дмитрий Солонников айыппұлды көбейту арқылы мәселені шешу мүмкін емес деп санайды.

Оның пікірінше, посткеңестік елдерінің көбінде қоғамда қабылданған мінез-құлық мәселені шешуге кедергі келтіреді.

“Көптеген адамдар үшін ең бастысы – өз миллионын, қымбат көлігін, сарайдай үйін, кеме және т. б. алу.

Бұл құндылықтар қоғамда үстемдік етеді, осы арқылы мансаптық өсудің сәттілігі немесе сәтсіздігі бағаланады.

Әзірге бұл жағдай осындай, сондықтан да кез – келген репрессияға қарамастан сыбайлас жемқорлықтың негізі қалады”, – дейді сарапшы.

Сыбайлас жемқорлық – бұл нарық

Солонниковтың сөзінше, бұның бәрі тұрмыстық сыбайлас жемқорлыққа әсер етеді.

“Мұндай саясат төменгі баға диапазонындағы параны экономикалық тұрғыдан тиімсіз, мағынасыз етеді. Оларды тұрмыстық парақорлық деп те атайды. Ол жоғалады”, — дейді сарапшы.

Бірақ, саясаттанушының пікірінше, сыбайлас жемқорлықты таза монетарлық әдістермен жою мүмкін емес.

Өз кезегінде, адам құқықтары және заңдылықты сақтау жөніндегі Қазақстандық Халықаралық бюроның директоры Евгений Жовтис мәселеге кеңірек қарауды ұсынады.

“Сыбайлас жемқорлық – бұл тек пара ғана емес, сонымен қатар қызмет алмасу, фаворит болу, қамқорлыққа алу және тағы басқалар. Қуғын-сүргінге ұшырату және оны күшейтуге деген үміттің бәрі жай ғана иллюзия”, – деді құқық қорғаушы.

Өлім жазасы жұмыс істемейді

Солонников: “Жазаны қатайтудың өзі сыбайлас жемқорлықтың себептерін жоймайды, процедураның күрделенуіне әкеледі”,- деп  атап өтті.

“Бір қытай тарихын еске түсірсек, онда тек шенеунік – парақорды ғана емес, оның барлық туыстарын төртінші ұрпаққа дейін өлім жазасына кескен кездің өзінде бұл сыбайлас жемқорлықты тоқтата алмаған”, – деді сарапшы.

Саясаттанушының айтуынша, Қытайдағы төрт мың жылдық қуғын – сүргін мен қанды күрес нәтиже берген жоқ.

“Бірақ Қытай тәжірибесінің тиімділігін тексеруге мүмкіндік жоқ. Ешкім эксперимент жасамайды. Яғни, мәселе репрессияда емес.”, — деді сарапшы.

Парақорлық институтын туғызатын ортаның өзі өзгеруі тиіс

Жовтис парақорлық үшін жазаның қатаятынына күмәнмен қарайды:

— Кез-келген репрессияның жоғарғы шегі бар – ол өлім жазасы. Қытайдың тәжірибесі мұндай тәсілдің тиімсіздігін көрсетті.

“Егер мәселені ақшамен шешу мүмкіндігі болса, оған баруға дайын шенеуніктер әрқашан болады. Тек айыппұл мөлшері Бизнестің жоспарланған шығындарына қосылады”, – дейді құқық қорғаушы.

Не істеу керек?

Liberty ҚҚ басшысы Ғалым Ағелеуов баршаның заң алдындағы теңдігін қолдайды.

“Ең бастысы — бұл қызмет бабын пайдаланыа рам жолмен жинаған жағдай үшін жазаның бұлтартпастығы”, — деп есептейді сарапшы.

Жемқорлықты жеңу үшін, қолданылатын шаралардың топтамасы жасалуы керек деп есептейді Солонников.

“Бірінші, ең қарапайымы – шенеуніктердің заңды табысын арттыру. Пара алу тиімсіз, мардымсыз болатындай жағдайға дейін көтеру.

Егер шенеуніктің жалақысы жоғары болса, пара оның әл-ауқатына әсер ете алмайтындай болуы керек.

Екіншісі – шешім шығарылатын істердің барлық рәсімдерін барынша оңайлату, сондай-ақ олардың толық ашықтығы мен жариялылығы. Бұл бюрократиялық аппаратты қысқарту және оның функцияларын барынша шектеу жолы.

Үшінші жол – ұзақ мерзімді, бірақ ең тиімдісі. Бұл қоғамдық моральдың өзгеруі, жеке басының баюуынан гөрі басқа мұраттарға ұмтылатын адамды тәрбиелеу”, – деп түсіндірді сарапшы.

Өз кезегінде Жовтис шенеуніктердің өзінің ойына қарай шешу өкілеттіктерін заңнан алып тастауды ұсынады.

“Олардың өз ойлары бойынша қандай да бір шешім қабылдауға мүмкіндігі болмауы керек. Заңдардағы қателіктерді жою және электрондық құжат айналымына көшу қажет. Сондай- ақ, расталмаған табыс фактілерін анықтау үшін шенеуніктер мен олардың отбасы мүшелерінің табыстарына мұқият бақылау орнату қажет”, – деп өз ойымен бөлісті құқық қорғаушы.

Бұл тәсілді шенеуніктер мен олардың отбасыларының құқықтарын шектеу деп сипаттауға болады, деп қосты сарапшы.

“Бірақ бұл қылмыс емес”, — дейді  Жовтис.

Қатаң бақылауда болғың келмесе, шенді қызметке жолама

Бұл шаралардың барлығы, әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, сыбайлас жемқорлықтан толық құтылуға кепілдік бермейді, бірақ олар оның жүйелілігін жояды және оның деңгейін айтарлықтай төмендетеді, деп қорытындылады құқық қорғаушы.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз