Нұр-Сұлтан
Қазір
7
Ертең
10
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

“Айттым емес пе?..”. Елбасымен бөліскен Димаштың болжамы тура келді

111

Жалпы, бұл жүлдеден дәмелі екенін Димаш Елбасымен кездесуі кезінде айтып қалып еді. Ақыры бұл жүлде де бұйырды. Димаш «2017 MTV Global Chinese Music Awards» бәйгесінің «Ең үздік шетелдік танымал әнші» және «Ең танымал жаңа әнші» номинацияларына ұсынылған болатын. Ресми веб-сайтта дауыс беру 22-мамырдан 10-маусым күндері аралығында болып, жеңімпаздар есімі 13 маусым күні жарияланды деп ескертілген еді. Ақыры көп күткен жеңімпаздың аты белгілі болды. Ендігі асыға күтетін кезек – марапаттау рәсімі.

«2017 MTV Global Chinese Music Awards» бәйгесінің марапаттау кеші 2 шілде күні Шэньчжэнь қаласында өтеді.

Бұл Қытайдағы ең ауқымды музыкалық шара болып саналады. Ол кезде 19 жеңімпазға сыйлық ұсынылып, жүлдемен марапатталатын болады. Димашқа тиесілі атақ – «Ең үздік шетелдік танымал әнші» номинациясын 2016 жылы Корея елінің әншісі Чон Джихун (Rain) жеңіп алған.

https://kaz.365info.kz/byl-bastamasy-gana-dimash-khytajlykh-gremmi-syjlygyn-alyp-tyryp-osylaj-dedi-255606

Айта кетейік, Димаш “I am singer” байқауынан кейін «Азияның ең танымал әншісі», «Халықаралық дәрежедегі танымал әнші» және «Жылдың ең танымал әншісі» жүлделерін жеңіп алған болатын.

https://www.youtube.com/watch?v=ccn8sukPIK8

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз