Нұр-Сұлтан
Қазір
22
Ертең
20
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

“Айттым ба, жасалуы керек!”. Назарбаев ресейлік телеарнаға сұқбат берді

Валерий Фадеев, «Первый канал» телеарнасының журналисі:

– Сіз бес әлеуметтік бастамаңызды жарияладыңыз. Бұл ұсыныстар Ресей үшін де өте маңызды екені даусыз. Мысалы, бізде салық мәселесі бұрыннан шешілмей келеді. Ал сіз айлық-табысы аз азаматтардың салығын төмендету жайлы игі бастама көтердіңіз. Оған қоса, ипотекалық несие шартын жеңілдету туралы ұсынысыңыз бар. Бұны да Ресей үшін маңызды деп есептеймін.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

– Мұндай шараны қабылдау үшін дайындық, ақша керек, ол деңгейге пісіп-жетілу қажет. Біз бірден бұл мәселені көтерген жоқпыз. Бұл бес бастама ұзақ талқыланып, болатын-болмайтын тұсы әбден сараланды.

Мен болмайтын нәрсені ұсына бермеймін. Айттым ба, жасалуы тиіс. Мәселе пісіп-жетілген кезде оны қозғау керек. Мен ұсынған дүниелердің барлығы елдің көңілінен шықты, олардың күтіп жүргені де осы.

Біріншіден, баспана мәселесі Ресейдегі секілді бізде де өзекті. Ипотекалық несиелендіру бізде жақсы жүріп жатыр. Былтыр рекордтық көрсеткішке қол жеткіздік. 11,5 млн шаршы метрді қолданысқа бердік. Қазақстан Кеңес заманында да мұндай құрылыс салмаған. Бірақ сұраныс артып тұр.

Сондықтан есептей келе, жылына алынатын проценттік сыйақы мөлшерлемені 14,16 емес, 7 процент етейік, ал жинақталуы тиіс ақша үй сомасының 50 емес, 20 проценті болса да болады дедік, 10-15 жыл емес, 25 жылға бір-ақ берейік дедік. Тұрғын үй құрылысы Ресей үшін де, Қазақстан үшін де экономиканы алға жүргізуші локомотив іспетті.

Оған қоса мұғалімдердің жалақысын өсірмекшіміз. Жаңа білім стандарты бойынша сабақ беретін мұғалімдердің айлығы 30 процентке өседі. Бұдан бөлек категория деген бар. Ал категориясы жоғары мұғалімдердің айлығы 50 процентке өседі. Одан соң барлық зейнеткердің зейнетақысын 30 процентке өсіріп жатырмыз.

Құқыққорғау органы, қарулы күштер саласының қызметкерлерінің жалақысы да 20-30 процентке өспек. Осындай табыспен отбасындағы екі адам да жұмыс істейтін болса, онда ипотеканы қиналмай-ақ ала алады. 25 жыл күтудің қажеті жоқ, оны алдын ала жауып тастаса да болады. Міне, осының барлығын үкіметпен есептеп, ақылдаса келе, одан халықты хабардар еттім.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз